Еңбекпен өрілген өмір

ҚТЖ келбеті
19.12.2025, 08:24
Оқуға 2 мин

Қазақ темір жолы саласында адал еңбегімен, табандылығымен және кәсіби шеберлігімен танылған жандар аз емес. Солардың бірі – Қалдығарина Алтынай Сәбитқызы.

Алтынай Сәбитқызы еңбек жолын 1981 жылы Гурьев белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер болып бастап, теміржол саласына саналы ғұмырының 41 жылын арнады. 1988 жылы Мақат локомотив жөндеу депосына ауысты. Ұзақ жылғы тынымсыз еңбегінің арқасында ол өз ісінің білікті маманы ғана емес, талай жас маманға бағыт-бағдар беріп, тәлім-тәрбие үйреткен ұстазға айналды.  

Атап өтерлігі, Қалдығариндер династиясы – теміржол саласында ерекше орны бар әулет. Бұл әулеттің төрт буынды құрайтын өкілдері теміржол саласында үздіксіз еңбек етіп келеді, жалпы еңбек өтілі – 323 жыл. Мұндай еңбек жолы – нағыз әулеттік дәстүр мен кәсіби сабақтастықтың айқын көрінісі.  

Әулет тарихында ерекше атап өтерлік оқиға – Алтынай Сәбитқызының әкесі Сәбит Төлегенұлының ерлігі. Ол жұмыс барысында Батыс Қазақстан темір жолында үлкен қауіптің алдын алып, келе жатқан жүк және жолаушылар пойызын апаттан сақтап қалған. Осы батылдығы мен жоғары жауапкершілігі үшін Қалдығарин Сәбит кезінде Мәскеу қаласына арнайы шақыртылып, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Әке жолын абыроймен жалғаған Алтынай Сәбитқызының адал еңбегі елеусіз қалмай, жоғары марапаттарға ие болды. Ол – «Еңбек ардагері» медалінің иесі.  

Темір жол – тәртіп пен төзімділікті, жауапкершілік пен адалдықты талап ететін сала. Осы қасиеттердің барлығын бойына сіңірген Қалдығариндер әулеті – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнеге. Алтынай Сәбитқызының саналы ғұмыры мен мағыналы еңбегі Қазақстан темір жолы тарихындағы жарқын беттердің бірі болып қала бермек.  

Көп жыл «Қамқор Локомотив» ЖШС ұжымында абыройлы еңбек еткен Алтынай Сәбитқызы бүгінде зейнет жасына толып отыр. Әріптестері оны зор құрметпен еңбек демалысына шығарып сала отырып, Алтынай Сәбитқызына көп жылғы еңбегінің зейнетін көріп, ел аралап, қайғысыз ұзақ өмір сүруге тілектестіктерін білдірді.  

Сәуле БАКИРОВА,  

«Қамқор Локомотив» ЖШС

кадр саясаты бөлімінің бас менеджері

 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды