ҚТЖ – жүлделер көшбасшысы

ҚТЖ келбеті
23.12.2025, 08:34
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада көлік және логистика саласындағы Еуразиялық «Magistral Awards-2025» сыйлығының марапаттау рәсімі биыл 4-рет ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Еуразияның көлік каркасын дамыту, кәсіби шеберлік пен салалық басқару, үздік салалық жобалар, цифрлық логистика, кадрлық әлеуетті дамыту, көлік ғылымы мен білім беру бағыттары бойынша елеулі жобаларды жүзеге асырып, көлік қызметтерінің сапасын арттырған компаниялар мен мамандар марапатталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов іс-шараның халықаралық деңгейде мәртебесі жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті. Байқаудың көлік саласында беделінің артқаны сонша, кәсіби ортада қатысушылардың жоғары мәртебесі мен халықаралық географиясының кең ауқымы үшін ол «Көлік Оскары» деп аталады. 2025 жылы сыйлықта дәстүрлі салалық бағыттармен қатар Еуразияның көлік жүйесінің тұрақты дамуының негізгі факторлары ретінде экологиялық жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына және жастар бастамаларына ерекше назар аударылды. Байқауды ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 2025 жылы ТМД, ЕАЭО, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа мемлекеттердің компаниялары мен сарапшыларынан 100-ден астам өтінім келіп түскен. Жеңімпаздар мен дипломанттар инфрақұрылымдық және цифрлық шешімдерден бастап кадрлық және қоғамдық бастамаларға дейінгі 21 номинация бойынша анықталды. Соның 13 номинациясы бойынша ҚТЖ мен оның еншілес ұйымдарының өкілдері және кәсіпорындары марапаттарға ие болды. Осылайша, теміржол, әуе және автомобиль көлігі салаларының, сондай-ақ көлік-логистикалық орталықтар мен ұйымдардың өкілдерінің басын біріктірген жүлдеде жеңістің басым бөлігін теміржол саласының өкілдері алды.  

Атап айтқанда, «Транспорт профи» номинациясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің менеджері Елена Сатыбалдина, «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар, Магистральдық желі дирекциясының пайдалану көрсеткіштерін жоспарлау департаментінің директоры Ләззәт Мұсабекова дипломдармен марапатталды. «Көліктік басқару шеберлігі» номинациясында «KTZ Express» АҚ Бас директорының операциялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Қуаныш Жақсыбек, «Көліктің алтын қоры» номинациясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің «Ардагерлер – теміржол көлігінің алтын қоры» жобасы дипломдар алды. Сонымен қатар «Жылдың үздік жобасы» номинациясында «Кедентранссервис» АҚ-ның «ZHETYSU терминалын салу және іске қосу» жобасы және «Жолаушылар тасымалы» АҚның «Jibek Joly» және «Keruen Express» туристік пойыздары жобасы дипломға ие болды. Бұған қоса «Кедентранссервис» АҚ мен Xi’an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd (ҚХР) серіктестікте «Көлік саласының стратегиялық серіктесі» номинациясының статуэткасын еншіледі.  

«Цифрлық логистика көшбасшысы» номинациясында «KTZ Express» АҚ «Бірыңғай цифрлық терезе» платформасы үшін аталған байқаудың басты марапаты – «Magistral Awards» статуэткасын алды. «Көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалар» аталымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаменті «ҚТЖ: мотивацияның жаңа дәуірі» жобасы арқылы статуэткаға ие болса, осы аталымның дипломы «Әлеуметтік талдау» жобасы үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментіне берілді. «Көлік ғылымын дамытқаны үшін» номинациясында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов диплом алды. «Тиімді көлік шешімдерін жасағаны үшін» аталымы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаменті және техникалық орталығы, «Салалық дәстүрлерге адалдығы үшін» номинациясымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті тобының жетекшісі Айман Ибраева мен Қарағанды ЖТ бөлімшесі тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері Рахат Жаруллина дипломдармен марапатталды.  

«Көліктегі үздік жастар бастамасы» номинациясында «ҚТЖ-100 жас есім» жас қызметкерлерді дамыту бағдарламасы үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаменті статуэткаға және «Корпоративтік волонтерлік мектебі» жобасы үшін дипломға ие болды. Осы аталым бойынша тағы бір диплом «ҚТЖ» ҰК» АҚ инженер-технологы Жұлдызай Байдүйге берілді. «Құрметті әулет» номинациясы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ династиясы – Бурлиновтер әулеті статуэтка алса, Сайрамбаевтар және Левковтар әулеттері дипломмен марапатталды. Ал «Логистикадағы экологиялық жауапкершілік көшбасшысы» номинациясында «Бірге Таза Қазақстан» жобасы үшін тағы да «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаменті дипломға лайықты деп атап өтілді.  

– «Көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалар» номинациясына «ҚТЖ мотивацияның жаңа дәуірі» жобасын ұсынып, биыл да жеңімпаз болдық. Жоба – қызметкерлер мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын арттыруға және бір мезгілде тұрақты және тиімді жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған табысты HR-бастаманың жарқын мысалы, бұл ретте мұндай ауқымды және маңызды жоба қандай да бір ақша қаражатын тартпай-ақ іске асырылды. Жобаның негізгі мақсаты – шығындарды үнемдеу ғана емес, сонымен қатар теміржолшылар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын арттыру. Жоба аясындағы KTZ Primezone корпоративтік артықшылықтар бағдарламасы – теміржол кешенінің қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін ең жақсы ұсыныстарды біріктіретін заманауи цифрлық платформа. 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша платформада компанияның 34 466 қызметкері тіркелді, – дейді жоба жетекшісі және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Саян Сыздықов.  

Жиында көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов көлік пен логистиканы дамыту елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, аумақтық байланысты нығайтатынын және халықаралық сауда-экономикалық қатынасты кеңейтуге үлкен мүмкіндік беретінін, көлік министрлігі көлік саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды