Құрыш жолдың майталмандарына мемлекеттік наградалар табысталды

ҚТЖ келбеті
30.12.2025, 14:30
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Жұмысшы мамандықтары жылы аясында теміржолда көп жыл еңбек етіп, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан екі теміржолшыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік наградаларды табыс етті. Олар Бақыт Тойбаев пен Мұратбек Сәрсенов. 

 

Сонымен «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Ақтөбе магистральдық  желі бөлімшесі» филиалына қарасты Орал сигнализация және байланыс дистанциясының СОБ электромеханигі Мұратбек Сәрсенов диспетчерлік қозғалысты  басқару жүйелерін енгізу мен жаңғыртуға қосқан үлесі мен көпжылдық еңбегі үшін марапатталды. Ол темір жолға 30 жылға жуық уақыт еңбек сіңірген білікті маман әрі жастардың тәлімгері.  

Ал саналы ғұмырының 41 жылын теміржолға арнаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар департаментінің менеджері Бақыт Тойбаев инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдарды салуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  

Биыл Компания бойынша Жұмысшы мамандықтары жылы аясында барлығы 1975 қызметкер марапатталыпты. Оның ішінде салалық наградалармен – 1908 қызметкер, мемлекеттік наградалармен – 64 қызметкер, ведомстволықпен – 3 қызметкер марапатталған болатын.  

Магистральдық дирекциясы үшін биылғы жыл маңызды оқиғалар мен мәнді жобаларға толы болды. Атап айтсақ, Алматы қаласында жобалық-конструкторлық бюро мен өңірлік архив ашылды. Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың ашылуы болды. Бұл жобаға дирекция мамандары ерекше үлес қосты.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды