Үздік вагон қараушы – Шуда

ҚТЖ келбеті
09.01.2026, 09:15
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы Жамбыл вагон пайдалану депосының өндірістік базасында республикалық «Үздік вагон қараушы-2025» кәсіби байқауы өтіп, оның ашылу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Вагон шаруашылығы департаментінің» бас менеджері Дулат Бектұров сөз сөйлеп, вагон қараушыларға жүктелетін міндеттерге тоқталды.

– Әр өңірдің үздіктері сынға түсетін кәсіби байқау – вагон қараушылар үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиімді тәжірибе алаңына айналды. Биылғы ерекшелік іс-шарамыздың географиялық аумағы кеңейе түскені болып отыр. Көршілес Қырғыз елінің Бішкек қаласынан және 10 өңірден келген үміткерлермен қатар, вагон пайдалану деполарының бірінші басшылары да қатысуда, – деді Дулат Сұлтанұлы.  

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев кәсіподақ ұйымы әр уақытта еңбек иелеріне қолдау көрсететінін атап өтті. Жамбыл жерінде ұйымдастырылып отырған республикалық байқау қатысушыларына тарихымыздың темірқазығы саналатын көне Тараз қаласынан үлкен әсер алып, табыспен қайтуларына тілеулестігін жеткізді. Байқау қатысушылардың кәсіби білімін, практикалық дағдыларын кешенді бағалауға бағытталған бірнеше кезеңдерді қамтыды.  

Білім деңгейі сыналған теориялық бөлімнің «Сен маған, мен саған» атты турында қатысушылар вагондарды техникалық пайдалану, нормативтік құжаттар және практикалық жағдайлар бойынша 2 сұрақтан қойса, вагонды жөндеуден қабылдау туралы 45-анықтамадағы қателерді тапты. Жүк вагондарының құрылысы; қауіпсіздік талаптары, техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі бойынша дайындалған 10 сұраққа жылдам жауап берді.  

Ал практикалық кезеңде әрбір қатысушыға ВЧД-27 вагон пайдалану депосының Техникалық қызмет көрсету орталығында 5 жүк вагонындағы ақауларды табу туралы тапсырма берілді. Үміткерлер объектінің жөндеу санатын анықтап, тексеру нәтижелерін ресімдеді. Байқаудың екінші бөлімінің 2-турында қатысушыларға «СА-3» автотіркегішін құрастыру және бөлшектеу туралы талап қойылды. Комиссия мүшелері бұл кезеңде вагон қараушылардың жалпы технология мен қауіпсіздік талаптарын сақтауын, іс-қимылдар реттілігінің дұрыс әрі жылдам орындаудағы дәлдігін бағалады.  

– Біз «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалымен тығыз әріптестік байланыстамыз. Вагон қараушылар арасында байқау өтетінін естіген соң қатысып-үйреніп қайтайық деп шештік. Ұйымдастыру ерекшеліктерін өз тәжірибемізге енгізсек деген жоспарымыз бар, – дейді «Кырғыз темір жолу» УК» мамлекеттик ишканасы вагон бөлімі филиалы бастығының орынбасары Турдыбек Бейшенбекұлы.  

Байқау қорытындысы бойынша 35 балл жинап, барлық кезеңде ең үздік нәтиже көрсеткен ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосына қарасты Шу техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Мавлюдбек Бурсалов жеңіске жетті. 27 ұпаймен 2-орынды ВЧД-16 Екібастұз вагон пайдалану депосынан келген Арсен Ахмедов иеленді. Бір ғана ұпай айырмашылығымен үздік үштікті ВЧД-30 Арыс депосының маманы Қалдыхан Сатыбалдиев түйіндеді.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов марапаттады. Жеңімпазға «Үздік вагон қараушы» белгісімен бірге бағалы сыйлық табысталды. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Үздіктермен қатар ерекше көзге түскен қатысушылар да сый-сияпатсыз қалған жоқ. Солардың бірі – ВЧД-1 Бішкек вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Рустам Асакеев. Кәсіподақ ұйымы атынан Ерболат Жидебаев қонақтарға қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті