Жамбылдық вагон қараушы республикалық байқауда топ жарды

ҚТЖ келбеті
22.01.2026, 14:59
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кез келген сұраққа мүдірмей жауап беріп жатқан вагон қараушы көптің назарын бірден өзіне аударған. Теориялық білімін тәжірибеде тиімді ұштастырып жүрген маман екені байқалады. Кезек аяқ асты туындауы мүмкін ситуациялық жағдайға байланысты қойылған сұраққа да тосылмай, сауатты жауап берді.

Бұл – жеті жылдан бері ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосына қарасты Шу техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы болып еңбек етіп келе жатқан Мавлюдбек Бурсалов. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Жамбыл филиалында өткен «Үздік вагон қараушы» республикалық байқауында топ жарған. Ал бұл байқауға әр өңірден тек үздіктер жіберілген еді. Кіл ығай мен сығай қатысып бақ сынасқан сайыста жеңіске жету тіпті де оңай емес еді. Мавлюдбек жетті сол жеңіске, табандылығымен, алғырлығымен, ізденісімен, білімімен, еңбекқорлығымен...  

Жарыстың барлық кезеңінде үздік шыққан жас маманмен жаңа жылдан соң қайта жолығып, тілдесудің сәті түсті. Мамандығын жақсы көретін, кәсібіне адал, қашан да ашық-жарқын, сергек те көңілді жүретін жігіттің төсінде «Үздік вагон қараушы», «Кәсіби көшбасшы» төсбелгілері жарқырайды.  

Шу ауданындағы Көктөбе ауылында туып-өскен ол 11 жыл қазақ мектебінде оқып, ортасы, дос-жараны қазақ жігіттер болған соң мемлекеттік тілді өз ана тіліндей меңгерген.  

Жас маман үшін 2025 жыл табысты өтіпті. Үш бірдей республикалық байқауда топ жарып, үлкен жетістіктерге жеткен. Оның екеуі топтық жарыс болса, біреуіне жеке қатысып, үздік атанды.  

– Өткен жылы біраз табысқа қол жеткіздім. Теміржолшы – көзге түсе бермейтін мамандық дейтіндер қателеседі. Мысалы қарапайым вагон қараушы болып еңбек етіп жүріп те жетістіктерге жетуге мүмкіндік бар. Былтыр Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Астана қаласында өткен байқауда жеңіске жетіп, бас жүлдені иелендік. Ол жарысқа 14 бөлімшеден командалар қатысты. Арыс қаласында вагон қараушылар арасында өткен топтық бәсекеде жүлделі бірінші орынға ие болдық. Өз кәсібін сүйетін, мамандығын меңгерген адамға еш кедергі жоқ. Табыс кілті – табандылықта. Мен жұмысымды жақсы көремін, сондықтан шаршамаймын, қайта демаламын, – дейді Мавлюдбек Бурсалов.  

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің түлегі жастарға кәсіптік-техникалық, жұмысшы мамандықтарды таңдауға кеңес береді. Бастысы – еңбек нарығында сұраныс көп, табандылық танытқанға қолдау да бар деп санайды үздік вагон қараушы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды