Тәжірибелі тәлімгер

ҚТЖ келбеті
02.03.2026, 17:45
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарағанды вагон пайдалану депосына қарасты Қызылжар станциясының аға вагон қараушысы Бақыт Әбіловтің жұмыс істеп жатқанына отыз жылға таяған. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері осынау жауапты да қауіпті кәсіптің ыстық-суығына төзіп, әбден шыңдалған.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, Бақыттың теміржолшы мамандығын таңдауына тікелей әкесі ықпал етті деуге болады. Әкесі Рымтай Әбілов те теміржол саласында 43 жыл тер төгіп, жасы келгенде зейнетке шығыпты.  

– Теміржолшы мамандығы ұқыптылық пен дәлдікті қажет етеді, ал біздің жұмысымыз – вагондардың техникалық жағдайын бақылау және қандай да бір ақау табылып жатса, ағытып алып техникалық қызмет көрсету пунктінде жөндеу жүргізу. Осылайша бізге пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты өте жауапты міндет жүктеледі. Жыл он екі ай Қызылжарға келіп-кетіп жатқан сансыз құрамдардың вагондарын тексеріп, кем-кетігін жөндеп, қозғалыс қауіпсіздігіне өз үлесімізді қосамыз, – дейді аға вагон қараушы-жөндеуші.  

Иә, күн-түні өтіп жататын сан мыңдаған вагондар Бақыт бастаған бригаданың назарынан тыс қалған емес. Соңғы уақыттарда ара-тұра кішігірім ақаулардың табылып жатқаны болмаса, аса апатқа немесе басқалай ауыр жағдайларға әкелетін үлкен ақаулар кездескен емес. Оның себебін жолаушылар және жүк вагондары парктерінің жылдан жылға жаңаруымен де байланыстыруға болады. Тәжірибелі маман ауысымның аға вагон қараушы-жөндеушісі болуымен қатар өзінен кейінгі жастардың тәлімгері ретінде танымал. Аптаның бір күнін жастарға арнап, өз тәжірибесімен бөлісіп, үйретуден жалыққан емес.

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады