Тағдыр тауқыметіне мойымаған жан

ҚТЖ келбеті
09.08.2021, 09:57
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қостанай магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Арқалық жол дистанциясының зейнеткері Сабырхан Нұрпейісов қырық жылға жуық ғұмырын жол шаруашылығына арнаған. Оның балалық шағы зұлмат соғыспен тұспа-тұс келгендіктен, тағдыр тауқыметінің ащы дәмін бір кісідей-ақ татқан екен. Үш жасқа толар-толмастан анасынан айырылып, әкесі соғысқа кеткен Сабырхан қарт әжесінің қолында қалып, бес жасында өзі құралыптас балалармен картоп жинауға көмектесіп, оны өгіз жеккен арбамен қоймаға тасыған екен. Алты-жеті жасында қойшының көмекшісі болып, күні бойы қой баққан кездері де болыпты. Кейіпкеріміздің теміржолдағы еңбек жолы 14 жасында басталыпты. Ол болат жол бойындағы шөпті жұлып, теміржолға қарасты үй-кеңселерді жөндеу, сылау, әктеу жұмыстарына қатысады.

«1944 жылы әкем соғыстан бір аяғынан айырылып, кеудесін снаряд жарықшағы тесіп өтіп, 1-топтағы мүгедек болып оралды. Ол фашистер басқыншылығынан Отанды қорғау үшін Ленинград түбіндегі қанды майданда шайқасты. «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған қайсар жан еді», – деп еске алады әкесін сексеннің үшеуіне келген Сабырхан ата.

Қостанай облысына қарасты Құсмұрын станциясында туып-өскен кейіпкеріміз мектеп бітіре сала үйленіп, жұбайы Балғаным екеуі жол дистанциясына жұмысқа тұрады. Қарапайым жолшы болып бастап, жол бригадирі, жол шебері, жол инженері, инженер-технологқа дейін көтеріледі. Жұмыс істей жүріп теміржол техникумын бітіріп алады. Бірде оны арнайы іздеп техникумда бірге оқыған жолдасы әрі Державинка жол дистанциясының бастығы Оразбай Айппаев келіп, оған өзінің мекемесінде аға жол шебері болып жұмыс істеуге ұсыныс жасайды. Сабырхан Уәлиұлы бұл ұсынысты қабыл алып, Державинка станциясына қоныс аударады. Жұбайы өткел кезекшісі болып жұмысқа тұрады.

«Қарап тұрсам, 40 жыл өмірім теміржолда өтіпті. Есіл-Державинск-Арқалық аралығындағы күрделі телімдерде қыруар жұмыс атқардық. Жол шаруашылығы – зейнетінен бейнеті көп сала. Қыстың бет қаритын үскірік аязында, жаздың аптап ыстығында жұмыс істеу қандай қиын екенін жол саласы мамандары жақсы біледі. Бірақ, бұл кәсібіме еш өкінген емеспін. Құдайға шүкір, қазір сол еңбектің жемісін көріп отырған жайымыз бар», – деген қарт теміржолшы 20 жыл өңірдегі ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқарған.

Оның айтуынша, бұл қызметтің де өзіндік жауапкершілігі, міндеті бар. Үй-үйді аралап, кімнің қандай мұқтажы барын білу, оны мекеме басшылығына жеткізіп, көмек көрсетуге ықпал ету – үлкен жұмыс. «Теміржол компаниясы адам құндылығына басымдық береді. Теміржолшылардың қазіргі еңбек жағдайы біздің кезбен салыстырғанда көш ілгері. Зейнеткерлері де назардан тыс қалған емес. Әлеуметтік жағдайлары мен жеңілдіктері Ұжымдық шартта жазылған және ол мінсіз орындалуда. Тек еңбек ет те, міндет ет», – дейді Еңбек ардагері.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті