Жаңғызтөбені жаңғырту жобасы

Фоторепортаждар
27.06.2019, 12:38
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жарма – Шар телімінің 817,1 шақырымында орын тепкен 3 класты Жаңғызтөбе станциясы құрылымдық тұрғыдан толықтай қайта жаңғырту қарсаңында тұр. Басты себеп сол – бұрындары тек іргелес аудандарға қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсетумен ғана ерекшеленген станцияда өткен жылдан бастап өндіріс көлемі күрт ұлғайды.

Жаңғызтөбенің іргесіндегі қайтадан ашылған кен орнынан құрамында алтыны бар сульфидті руда өндіру қолға алынғаны бері жүк тиеу көлемі күрт өскен болатын. Мәселен, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін вагондарға жүк тиеу көлемі 1563 пайызға дейін еселеп өсіпті. Яғни, осынау жылы небары 296 вагонға жүк артылса, өткен жылы 4 628 вагон жөнелтілді. Ал, биылғы жылғы болжамды жоспар бойынша жүк тиелетін вагондар саны 7 800 вагонға жеткізілмек.

Сол тәрізді жүк түсіру бойынша да көрсеткіш жыл өткен сайын жоғарылап келеді. Ал, оған себеп, мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында халықаралық маңызға ие Қалбатау-Майқапшағай күре жолының күрделі жөндеуден өтуі болып отыр. Бұл ретте Жаңғызтөбе станциясына «Қазавтожол» АҚ тапсырысы бойынша қиыршық тас, құм, дизельді отын мен битум тәрізді бірқатар құрылыс заттары жеткізіледі. Мәселен, станция бойынша жұмыс ырғағы қалыпты кезең саналған 2016 жылдан бері қарай жүк түсіру 183 пайызға өсіпті. Дәл осы жылы 802 вагон жүк түсірілсе, өткен жылы оның көлемі 1 467 вагонға артты. Ал, биылғы жылға жасалған болжам 2 300 вагон жүк түсіру болып отыр.

Қазіргі күні станция бойынша айына шамамен 800-850 тонна жүк артылуда. Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты ай сайын дерлік жаңадан жұмыс орындары ашылып, жолшылар, байланысшылар, сонымен қатар пойыз құрастырушылары жұмысқа алынып жатыр. Сол тәрізді клиенттермен жүргізілетін жұмыс барысы да күрт қарқын алыпты. Мәселен, жүк түсіру бойынша түрік және қытайлық компаниялардың аймақтық өкілдерінен өтініштер келіп түсуде.

Жалпы, аталмыш станцияның жүк айналымы бойынша әкелетін жылдық табысы миллиард теңгеден асады. Осы орайда Жаңғызтөбеге екінші класты станция дәрежесін беріп, сонымен қатар, өндірістің ұлғаюына орай бірқатар күрделі қызметтік өзгерістер енгізу көзделуде.

Атап айтсақ, станцияға тиесілі қолмен атқарылатын 23 бағыттаманы электрлі орталықтандырылған бағыттамаларға ауыстыру міндеті тұр. Одан келетін басты тиімділік – кірме жолдардағы үдеріс барысын жылдамдату, 9 бағыттама постындағы аға кезекшілерді қол еңбегінен босату және ескірген жүйені ауыстыру арқылы техникалық құрылғылармен жұмыс істеу сенімділігін арттыру болып отыр. Сондай-ақ, аталмыш бағыттағы шаралар маневрлік локомотивтерге жұмсалатын шығынды да айтарлықтай азайтады деген оң болжам бар.

Қазіргі таңда Жаңғызтөбе станциясының инфрақұрылымын дамыту бойынша арнайы жоба әзірленіп, ұлттық компания басшылығының назарына ұсынылған. Қаржыландыру мәселесі шешімін табар болса, қайта жаңғырту жұмыстары 7 айдың ішінде аяқталады деп көзделуде. Дегенмен аталмыш мәселе бойынша бөлімше басшылығы келелі жиын өткізіп, жүк жөнелтушілермен кеңесуі керек. Яғни, жаңа жоба әлі де пісіруді қажет етеді.

Станция инфрақұрылымын дамыту мақсатында станцияның жаңадан тағайындалған басшысы Кеңес Исмурзин бастаған жергілікті теміржолшылар жыл басынан бері қарқынды жұмыс жүргізуде.

– Өңір бойынша өткен ғасырдың 90-шы жылдары орын алған тоқырау тұсында жабылып қалған байырғы кен орындары қайта ашылып жатыр. Соның нәтижесінде әлеуетті клиенттер тарапынан тұйық желілер салуға байланысты ұсыныстар көптеп түсуде. Бұл тарапта жақында ғана үш өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, пайдаланусыз қалған кірме жолдар мен қосалқы жолдар толықтай орташа жөндеуден өтті. Бұдан өзге теміржол вокзалына жаңадан су жүйесі тартылып, кең көлемде күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл шаралар инфрақұрылымды қайта жаңғырту жұмыстарының тек бастамасы ғана, – дейді станция басшысы Кеңес Исмурзин. 

Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы