Боранды бекеттің бүгіні

Фоторепортаждар
19.11.2019, 12:28
Оқуға 3 мин
Асел Танатарова

«Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... Бұл өлкеде темір жолдың қос қапталынан басталып сақара сар даланың кіндік тұсы – Сарыөзектің ұлан-ғайыр жазығы көсіліп жатады. Бұл өлкеде қашықтық атаулы, уақыттың Гринвич меридианы бойынша өлшенгеніндей, темір жолдың алысжақындығына қарай өлшенеді. Ал пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады...»

Бұл – әлем жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әйгілі «Боранды бекет» шығармасынан үзінді. Жамбылдың Жуалы ауданындағы Боранды бекетінің бүгінгі тынысы да осы суреттегідей: пойыз- дар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай үздіксіз жүйткіп жатыр. Станция директоры Махмут Сәрсенбаев:

«Біздің жақтың табиғаты жайсыздау екені белгілі. Ең бастысы, теміржолшылардың қауіпсіздігіне, жұмыс ырғағының бұзылмауына баса мән береміз. Теміржол саласында жыл сайын өтетін екі маңызды науқан – күзгі және көктемгі байқаулар біздің жұмысымыздың бағасын береді. Қыркүйекте жүріп өткен күзгі бақылаудан жоғары нәтиже көрсеттік. Станцияға келген тексеру комиссиясы жұмысымыздан да мін таппады», – деп бастады әңгімесін. Боранды станциясы негізінен «Бурное» сүт зауытымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ай сайын батыста Орал, Ақжайық, Ақтау қалаларына, шығыста Семей шаһарына 20-30 вагон сүт, ірімшік жібереді. Таулы аймақ болғандықтан, Жуалының көптеген ауылдарына көгілдір отын құбыры тартылмаған. Сондықтан ауыл тұрғындары көмір жағуға мәжбүр. 

Аймақты қатты отынмен қамтып отырған Боранды станциясының теміржолшылары Қарағандыдан ай сайын 20 шақты вагон көмір қабылдап алады. Текесу өлкесінен осындағы мұнай базасына бағытталатын жанар-жағармай, өзге де аймақтардан келетін кебек, жем сынды жүк тиелген вагондар станцияның жұмысын қыздырып тұр. Махмут Әжігелдіұлының айтуынша, Боранды станциясының мамандары тәулігіне 65-70 пойыз өткізеді.


«Еуропаға қатынайтын транзиттік пойыздар осы станция арқылы өтеді. Бір бағытты ұстанатын «Шаттл» пойыздарымыз бар. Осының барлығына станция кезекшілері мен билет кассирлері және басқалары бар, 58 теміржолшы қызмет көрсетеді. Арнайы киімдеріміз жеткілікті, материалдықтехникалық базамыз толық», – дейді станция басшысы.

Станцияға аға буынның ізін басқан жергілікті жас мамандар да келе бастаған. Үш жыл бұрын Алматы қаласындағы жоғары оқу орнын тәмамдап екі жас теміржолшы келген. Былтыр тағы бір жас маман жұмысқа қабылданды. Олардың үшеуі де осы Жуалының тумалары екен. Станцияның ұйымшыл ұжымы қысқы маусымға сақадай сай әзірлікпен кірген. Құм салынған жәшік, жолаушылар көпіріне себетін тұз, тежегіш доңғалақтың астына төсейтін құм – бәрі-бәрі дайын. Қатты аязда, үздіксіз соғатын боранда (бекер Боранды аталған ба?) теміржолшылар үшін үсіктен сақтайтын сықпа май, жылы киім бәрі алынған.

«Боранды деп аты айтып тұрғандай, біздің өлкенің қысқы табиғаты жайсыздау келеді. Сол кезде аз-маз әбігерге түсетініміз бар. Алайда осы табиғатқа үйренгенбіз, шыңдалғанбыз, күні кеше байқау қорытындысында қысқа дайындығымыз комиссияның көңілінен шығып, арнайы марапатталдық», – дейді боранды бекеттің бастығы. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды