Вагон қараушының қырағылығы арқасында жүк пойызы апаттан аман қалды

Қауіпсіздік
02.12.2022, 10:12
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда кез келген ақау үлкен қиындыққа әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қозғалыс қауіпсіздігіне баса мән беріледі. Жуырда Ганюшкино станциясында вагон қараушының қырағылығы арқасында жүк пойызы апаттан аман қалды.

Құрамында 90 вагоны бар 3010-шы жүк пойызы станцияға келіп тоқтаған соң әдеттегідей оған техникалық қызмет көрсету басталды. Вагон қараушы Ермек Ғарифов бір вагонның қапталындағы раманың жарылып тұрғанын байқады. Мұқият тексере келе онда 12 сантиметрдей болатын жарықтың тереңдеп бара жатқаны анықталды.  

Сол сәтте ақау жайлы диспетчерге хабарланып, ақаулы вагон құрамадан ағытып алынды. Вагон «Казфосфат» ЖШС-не тиесілі екен. Соңғы жөндеу жұмысы жамбылдық Ремсервисте жасалған. Вагон қараушының кәсіби деңгейі мен өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны нәтижесінде тоқсан вагондық құрама апаттан аман қалды деп айта аламыз. Өйткені, ақаулы вагон пойыздың қауіпсіздігіне қатер төндіретіні айтпаса да түсінікті. Ермек Ғарифов жас маман. Атырау вагон депосының Ганюшкинодағы өндірістік-техникалық бөлімінде 2019 жылдан бері вагон қараушы болып жұмыс істеп келеді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жас маманның өзі ісіне жауапкершілікпен қарауы – өзгелерге үлгі боларлық жағдай.  

 

Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған