Ақтөбеде өртке қарсы оқу-жаттығуы өтті

Қауіпсіздік
10.09.2024, 10:03
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі азаматтық қорғаныс қызметкерлерімен бірге өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Алға ауданы Бестамақ станциясында өткен шара құрылымдардың бірлескен жұмысын көрсетті.

Оқу жаттығуға «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының бас инженері Темірбек Елғонды, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс филиалының бас инженері Жасұлан Рысқалиев және азаматтық қорғаныс қызметкерлері қатысты. Шынайы оқиғаға мейлінше жақын өткен жаттығу барысында Ақтөбе өрт сөндіру пойызы мен облыстық ТЖД қызметкерлері жоғары дайындықтары мен сауатты іс-қимылдарын паш етті.  

Сценарий бойынша Бестамақ станциясында күкірт қышқылын тасушы цистерна жолдан шығып кетеді. Нәтижесінде оқиға орнында техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Қауіптің алдын алу, салдарын жою міндеттелген Ақтөбе өрт сөндіру пойызы берілген міндетті тиісінше орындауға кірісті. Күкірт қышқылы тиелген цистернаның дәнекерленген жеріне зақым келіп, 0,008 м шамасында тесік пайда болғаны анықталды. Өрт сөндіру пойызының қызметкерлері цистернаға арнайы қысқыш салып, ағып жатқан күкірт қышқылын тоқтата алды. Жерге аққан күкірт кышқылының жанжағы құммен қоршалып, үсті көбікпен жабылды.  

Ақтөбе өрт сөндіру пойызының бастығы Бауыржан Файзулланың жетекшілігімен өткен шараға жеке құрамнан 17 адам қатысты. Апат болган жерде күкірт қышқылынан уланған адамды носилкамен алып шығып, далалық емханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Апат болған жер толықтай залалсыздандырылып, Ақтөбе өрт сөндіру пойызы берілген тапсырманы уақытында және сауатты орындады деген баға берілді.  

«Жаттығуда ең алдымен жеке құрамның іс-қимылы жедел және шапшаң болып, сауатты әрекет ете білуі маңызды. Апаттық жағдайда және өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстарды нығайтуға бағытталған жұмыстар тұрақты жүреді. Оқу-жаттығудағы қиындықтар, оларды еңсеру өте қажет, нағыз апаттық жағдайда көмегі болады», – деді Темірбек Елғонды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды