Екі көпір тұрса да, ерінетіндер көп

Қауіпсіздік
16.09.2025, 08:27
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан өңіріндегі Манкент станциясы халқы тығыз аумақта орналасқан. Темір жолдың қос қапталын жағалай жайғасқан мұндағы жергілікті тұрғындардың жалпы саны 25 мыңнан асады. Сондықтан болса керек, станция аумағында темір жолдан өтуге арналған жаяу жүргіншілердің екі көпірі бар.

Бірақ оны кейбір адамдар пайдаланбай, темір жолды тіке кесіп өтуді жөн көреді. Әлбетте, бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анық.  

Осы күндері Ұлттық компанияның өңірлердегі мекеме, кәсіпорындары іске асырып жатқан «Өміріңді сақта – шара қолдан» айлығы аясында бөгде адамдардың, соның ішінде балалардың теміржол бойына шығу фактілерінің алдын алу және болдырмау мақсатында ауқымды жоспарлар орындалуда. Атап айтқанда, станция бастығы Қуаныш Табеевтің өзі бас болып, Шымкент станциясындағы желілік жедел полиция қызметкерлерімен, жергілікті әкімдік өкілдерімен және білім беру саласындағы ұстаздар қауымымен бірлесе отырып түрлі жиын-кездесулер өткізуде. Қауіпсіздікке қатысты үгіт-насихат, түсіндіру шараларына жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары қатысып, оның барысында станцияда орын алған қайғылы оқиғалар туралы ақпараттар берілуде.  

Бұл бағыттағы жұмыстар Ақсукент ауылындағы №97 Сұраншы батыр мен М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектепте, №47 жалпы орта мектебінің акт залдарында өткен. Мұғалімдер мен оқушылардың кездесуіне ата-аналар да қатысқан. Сондай-ақ осы тақылеттес басқосу А.Бимұрзаев пен Ж.Жабаев көшелерінде тұратын тұрғындар арасында да жүргізіліпті. Себебі мамандардың саралауынша, жаяу жүргіншілердің көпшілігі осы екі көшеден шығып, әлгі көпірмен емес, темір жолдан кесекөлденең өте шыққанды оңай санайтын көрінеді.

Станция бастығының айтуынша, өңірде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыратын іс-шаралар мұнымен бітпек емес. Қауіпсіз қозғалыстың бір ұшы – теміржол жиегін арнайы қоршаумен тікелей байланысты екені белгілі. Бөгде адамдар мен қараусыз малдың станциялық жолдарға шықпауы үшін тұрғын үйлер орналасқан жақтан 1700 метр аумақты қоршау үшін бюджет қаражатын қарастыру туралы сұраныс хат Сайрам ауданы әкімдігіне жыл басында жолданған. Сол сияқты осы сипаттағы қызметтік хат Аксукент ауылдық округі әкімдігіне де жөнетілген. Себебі жергілікті әкімдіктің араласуынсыз бұл мәселенің түйінін тарқату мүмкін емес. Мұндай қатынас хат өткен жылы да жолданған екен. Алайда, нәтижелі нақты әрекет жоқ. Сондықтан да манкенттік теміржолшылар басқарушы билік өкілдерімен өзара кеңесе отырып, қалың бұқараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шама-шарқынша амал етуде. Ендігі жерде олар өз күштерімен вокзал аумағы мен станциялық жолдар бойында, тұрғын үйлерге жақын маң мен жаяу жүргіншілердің айрықша көзі түсер тұстың бәріне арнайы ескерту тақтайшалар іліп шыққан.  

Ал бұрыннан тұрғандарын ақтап, сырлап, жаңартып, жарқыратып қойған. «Темір жол – қауіпті аймақ!», «Вагон астынан өтуге тыйым салынады!», «Темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайды!», «Платформа жиегінде тұруға болмайды!», «Құлаққаппен темір жолдан өту – қауіпті!», «Вагон төбесіне шығуға тыйым салынады!», «Келе жатқан пойыздың алдында жолды кесіп өтуге болмайды!», «Байланыс желісінің сымдарына жақындауға болмайды!» деген сынды ескерту белгілері жеткілікті мөлшерде орнатылды. Сонымен қатар бүгінгі таңда станция кезекшілері сұрыптау паркі мен бағаналарда орнатылған дыбысзорайтқыш құрылғылар арқылы тәуліктің әрбір үшінші сағатында «Темір жол – қауіпті аймақ. Жолды тек арнайы белгіленген жерлерден кесіп өтіңіз…» деген мазмұнда хабарлама жасап отыруға міндеттелген. Мұның бәрі қауіпсіздікті сақтауды көздейді.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады