Жыл басынан бері темір жолда 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді

Қауіпсіздік
10.11.2025, 16:58

«Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жолда адамдардың қаза табуы мен жарақат алу жағдайларын азайту мақсатында кешенді алдын алу шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылғы он айдың қорытындысы бойынша 30 адамды басып кету оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде 34 адам зардап шеккен, оның 15-і қаза тауып, 19-ы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында үш кәмелетке толмаған бала бар.

Оқиғалардың басым бөлігі азаматтардың теміржол көлігі нысандарында жүру ережелерін бұзуынан болған. 40% жағдайда (12 оқиғада) зардап шеккендер мас күйінде болған, екі жағдайда – құлаққап киіп жүрген, бір жағдайда – суицид тіркелген.

Сондай-ақ 2025 жылдың 10 айында теміржол өткелдерінде 24 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның үшеуі жолаушылар пойыздарының қатысуымен болған.

Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері темір жолда кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әскери күзет және желілік полициямен бірлесіп 1 570 рейд ұйымдастырылып, 2 105 жиналыс өткізілді. Түсіндіру жұмыстары 66 мыңнан астам адамды қамтыды. Рейд қорытындысында ереже бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 айыппұл салынды.

«Қазақстан темір жолы» азаматтарды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жолды рұқсат етілмеген жерден өтпеуге, назарды төмендететін құлаққап және басқа да құрылғыларды пайдаланбауға, сондай-ақ теміржол маңында барынша сақ болуға шақырады.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?