Семейде сақтық шаралары күшейтілді

Қауіпсіздік
06.01.2026, 11:41
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары желі бойындағы қауіпсіздік шараларын күшейте түсті. Оған себеп те жоқ емес. Желтоқсан айының 27-нен бастап мектеп оқушыларының қысқы каникулға шығуы, жаңажылдық мерекелік қарбалас теміржол бойындағы сақтыққа назар аударуды қажет етеді.  

Әсіресе қала ішіндегі жаяу жүргіншілер өтпелеріне, қозғалыс жиілігі аса жоғары аумақтарға басымдық берілген. Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, жол бойындағы адамдар себебінен шұғыл тежелу фактілері орын алуда. Соның ішінде жыл бойында үш мәрте адам басу оқиғалары тіркеліпті. Өліммен аяқталғандары да бар. Барлығы да қала ішінде орын алған. Осыған орай бөлімшеге қарасты бірқатар мекемелер мамандары түсіндіру жұмысын күшейтті. Мәселен, ТЧЭ-24 мекемесінің теміржолшылары желі бойына таяу орналасқан мектептер мен колледждерге барып, қауіпсіздік бойынша арнайы дәрістер өткізіп, тіпті әр оқушының партасына нұсқаулықтар жазылған парақшалар мен жадынамалар қалдырды.  

Сонымен қатар студенттер қауымы мен оқушылар жиі өтетін жаяу жүргіншілер өтпелері бойында рейд жүргізіп, әр адамды жеке әңгімеге тартты. Әсіресе халық нөпірі мол «Жансая» базары аумағы мен Педагогикалық колледж тұсындағы жол өтпелерінде нәтижелі жұмыс жүргізілді.  

Дәл осындай іс-шараларды «ӘТЖК» Семей филиалы мен ПЧ-39 мекемесі де өткізіп жатыр. Ақпараттандыру жұмыстары барысында мәлім болғандай, көпшілік, әсіресе жастар жағы теміржол өтпелері маңындағы қауіпсіздік шараларын сақтамайтыны анықталды. Құлаққап киіп, тоқтап тұрған жылжымалы құрамдардың астынан өтетіндер көп екен.    

– Биылғы жазда Белағаш – Дүйсекен телімі арасындағы 28 шақырым аумақты күрделі жөндеуден өткіздік. Жазғы жол күтімі ойдағыдай өтті. Қысқы мезгілге жоғары даярлықпен кірдік. Ендігі маңызды міндет қауіпсіздік болып тұр. Әсіресе станциялық жолдар мен жаяу жүргіншілер өтпелеріндегі сақтық шаралары күшейтілді, – дейді Семей жол дистанциясының бас инженері Мырзабек Керейбаев.

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі