Жүргізушілерге жадынама таратты

Қауіпсіздік
04.08.2026, 10:57
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облысы аумағында күзетілетін және күзетілмейтін барлығы 70 теміржол өткелі бар. Алайда бүгінде автокөлік жүргізушілері өткел талғамайтын болған, соңғы уақытта жүргізушілер тарапынан кез келген өткелде жол ережесін бұзу фактілері артқан.

Сондықтан сала мамандары көлік тізгініндегілерге теміржол өткелдерін кесіп өтудің талаптарын еске салу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен рейдтерді жиі өткізуде.  

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында осындай ауқымды профилактикалық іс-шараны Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі мен ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосы бірлесе ұйымдастырды.  

Теміржол өткелдерінде жүргізілген профилактикалық рейдтік іс-шараларға Жамбыл көлік прокуратурасы, Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны және Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. «Қауіпсіз өткел» акциясы Тараз қаласындағы теміржол вокзалынан басталды. Сала мамандары жолаушылар мен тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, темір жолды белгіленген жерден кесіп өту талаптарын түсіндірді.  

– Тараз қаласындағы «Тараз – Талас» учаскесінің 3515 шақырымында күзетілетін өткел бар. Бұл учаске арқылы тәулігіне 32 жұп жүк пойызы және 18 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Ал «Тараз – Бурыл» бағытындағы 4 және 5, 11-өткелдерде де автокөлік ағыны жоғары. Әсіресе «Ауыл береке» базары маңындағы 5-шақырымдағы өткелден күн сайын 18 мыңға жуық көлік қатынаса, автобустар 466 рет темір жолды кесіп өтеді. Орталық базарға жақын орналасқан 11-шақырымдағы күзетілмейтін өткелде де толас жоқ. Сондықтан рейдті осы өткелдерде өткіздік, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі Жол бөлімінің бастығы Ғалымбек Батырбеков.  

ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік секторының бастығы Әділет Түлековтің айтуынша, соңғы уақытта пойызды шұғыл тоқтату жағдайлары жиілеген. Жыл басынан бері машинистер бригадасы бірнеше мәрте кәсібилігі мен қырағылығының арқасында жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолаушылар өмірін қатерден сақтап қалған.  

«Көлік жүргізушілері бағдаршамның қызыл түсі жанып, белгі берілгеніне қарамастан шлагбаумды айналып өтуге тырысады. Ауыр вагондарды тіркеген пойызды бірден тоқтату мүмкін емес. Оның тежеу қашықтығы бірнеше жүздеген метрді құрайды, сондықтан төтенше тежеу кезінде де жүргізуші соқтығысудың алдын ала алмай қалуы мүмкін», – деп түсіндіреді Әділет Түлеков.  

Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының полиция аға инспекторы, полиция капитаны Ілияс Мыңбол бағдаршамның қызыл түсі жанып, белгі берілгенде екінші жолаққа шығып, шлагбаумды айналып өтуге тырысқан көлік жүргізушілеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 607-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын айтады.  

Рейд кезінде патрульдік полиция және Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері, Жамбыл көлік прокуратурасының прокуроры Ерболат Тамаев көлік иелеріне шлагбаум жабылған сәттегі іс-әрекеттер алгоритмін түсіндірді. Жалпы акция барысында 250 көлік жүргізушісіне қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратылды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады