Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді

Қауіпсіздік
11.09.2026, 09:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әскерилендірілген теміржол күзетінің Шиелі станциясындағы жасағы теміржол нысандарындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында профилактикалық іс-шара өткізді.

Оқушылардың мектепке баратын қыркүйек айындағы жедел-профилактикалық іс-шара теміржол көлігі нысандарында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталып, Шиелі атқыштар топ күзетшісі Батырхан Ильясов пен Шиелі станциясы желілік полициясының кіші сержанты Бексұлтан Жұмаділдаев бастаған топ алдын ала белгіленген нысандарда әрі-бері өткен үлкен-кішіге қауіпті аймақтың қауіп-қатерін түсіндірді.  

Сонымен қатар №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектептің 1-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеу, темір жол маңында ойнамау, пойыздардың терезелеріне тас лақтырып сындырмау, темір жолға бөгде заттар қоймау және темір жол бойында абай болу қажеттігі ескертілді.  

Сонымен қатар жасөспірімдерге құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ескертілді. Пойыз қозғалысына қауіп төндіретін кез келген әрекеттің адам өмірі мен денсаулығына зор қауіп келтіретіні айтылды.  

– Темір жол – жоғары жауапкершілікті талап ететін қауіпті аймақ. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жергілікті тұрғындарға, оның шінде жасөспірімдерге дұрыс бағытбағдар беру бағытындағы профилактикалық жұмыстар қашан да өзекті, – дейді Әскерилендірілген теміржол күзеті Шиелі атқыштар тобының бастығы Жандос Тарманов.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті