Теміржол тарихы: Әулиеатаға теміржол қалай келді?

Темір жол тарихы
19.06.2024, 14:26
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Биыл Қазақстан темір жолы айтулы датаны атап өтуде. Осыған орай барлық өңір теміржол тарихының деректерін жинап, 120 жылдың шежіресін жасауға өз үлестерін қосуда. Алғашқы теміржол желісі Әулиеата жерінде осыдан бір ғасырдан астам бұрын келген.

Деректерге сүйенсек, Жамбыл өңіріне теміржол желісі 1920 жылы қараша айында жеткені көрсетілген. Бұл – Арыс-Пішпек теміржолының қазіргі Тараз қаласына кірген жылы. Ал кейбір мәліметтерде 1912 жылдың сәуірінде патша үкіметі Арыс-Пішпек теміржолын салу туралы банкирлер мен кәсіпкерлердің бастамасын мақұлдап, шойын жолдың құрылысы Арыс-Шымкент-Түлкібастан өтіп, 1917 жылы Боранды бекетіне келіп тоқтап қалғаны айтылады.

Тарихқа көз жіберсек, бұл құрылысты орыс капиталисі А.И.Путилов пен теміржол кәсіпкері Н.А.Бунге басқарған. Ал жұмыс 1914 жылдың 15 шілдесінде басталады.  

Алайда құрылыс жұмыстары баяу жүріп, бір жылдан астам уақытта теміржол желісі Арыс станциясынан Шымкентке дейін ғана жеткен. 1916 жылдың қаңтарында Манкент станциясына дейін, ал тамызда №9 разъезге дейін жүргізілді. Дәл осы жол құрылысын салуға тұңғыш қазақ теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышпаев қатысқан .  

– Теміржол желісі 1917 жылы Бурное станциясына жеткенде тоқтап қалған. Негізгі жұмыстарға Борандыдағы жерасты өткелі біраз кедергі келтірген көрінеді. Міне, осыған байланысты Арыс-Пішпек бағытындағы теміржол құрылысы қазіргі Тараз қаласына 1920 жылы ғана жеткен, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев.

Әрі қарай шығысқа бағыт алған теміржол желісі қырғыз асып, Пішпек станциясы 1924 жылы ашылады. Қырғыз теміржолы тарихында Пішпекке алғашқы пойыз 1924 жылы 8 тамызда келді деп көрсетіледі.

– Биыл осы Тараз-Бішкек бағытындағы теміржол желісінің іске қосылғанына 100 жыл толып отыр. Көршілес ел бұл датаны атап өтуге дайындалуда. Мерейтойға біздің өңірден де делегаттар барып қатысады деп жоспарлануда, – деп тарихтан сыр шерткен ардагер теміржолшы Жамбыл өңіріндегі Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай жүргізіліп жатқан дайындық іс-шаралары туралы да мәлімет берді. Айтуынша, қазір Жамбыл бөлімшесі ұзақ жыл теміржолда еңбек еткен ардагерлермен сөйлесіп, деректер жинап жатыр екен. Өңірде атадан балаға жалғасып, бірнеше буын ұрпағы теміржолда  еңбек етіп келе жатқан әулеттер бар. Қазір соларды анықтап, тұтас буынның еңбек жылдарының жалпы жиынтығы есептеліп, тізімі жасалып жатқан көрінеді.

– Жалпы қазақ жеріне келген теміржолдың тарихы 1001-0904 жылдары тартылған «Орынбор-Ташкент» теміржолынан бастау алады. Арысқа дейін келіп, әрі қарай Ташкентке бұрылған ол жол бізге жетпеген. Былтыр Мойынты – Шу теміржол желісінің 70 жылдығын атап өттік. Ал әйгілі Түрксібке биыл 93 жыл толып отыр, бұл магистральдардың қай-қайсысы да әлі күнге қазақ еліне қызмет етіп келеді, – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы.  

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды