Маңғыстауда темір жол мүлкін ұрлайтын сұғанақ қол оқушылар көбейіп барады

Аймақтар
07.12.2021, 10:47
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өкінішке орай, соңғы кезде теміржол мүлкіне қол сұғушылар көбейіп барады. Оңай олжаға кенелмек болғандар қатарында жасөспірімдер қылмысы артқаны теміржолшыларды алаңдатып отыр... Өткен жылы Маңғыстау жол дистанциясы аумағында үш ұрлық болса, биылғы қарашаның өзінде бес факті тіркеліпті. Пайдакүнемдер енді теміржолшылардың киіміне де ауыз салған. 30 қараша күні күзетпелі қоймадан он дана қыстық күрте ұшты-күйлі жоқ болған. Бұған дейін жолға шыққан малмен алысқан жолшылар енді өздеріне тағы бір жаңа міндет жүктеп отыр, олар бұдан былай ізкесушілікті қосымша кәсіп етпеске амалымыз жоқ дейді.

– Маңғыстау жол дистанциясы бойынша биыл 11 айда алты ұрлық тіркелді. Соның бесеуі қарашада. Келтірілген шығын – 484 мың теңге. Қарашаның 17 және 19 күндері араға күн салып екі бірдей ұрлық болғандықтан, дәніккеннен құныққан жаман деген, тағы келеріне сенімді болып тұзақ құрып, үшінші рет ұрлық үстінде ұстадық. Көліктерін тексергенде біздің біраз бұйым шықты. Металлоломға тапсырмақ екен. Тапсыратын жеріне барып, ол жерден де бірталай мүлкімізді қайтарып алдық. Осы әрекетті істеп жүрген жаңаөзендік тоғызыншы сыныпта оқитын төрт оқушы екен. Әрі қарай олардың ісімен желілік полиция бөлімшесі айналысады. Бұл – Өзен мен Жетібай станциялары арасында болған оқиға, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев.

Дистанция қызметкерлері желілік полиция өкілдерімен бірлесіп тұрғындармен, мектеп оқушыларымен түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады