Қандыағаш станциясындағы №5 қалпына келтіру пойызына 85 жыл толды

Аймақтар
08.12.2021, 09:18
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральды желі бөлімшесі Қандыағаш станциясындағы №5 қалпына келтіру пойызының іске қосылғанына 85 жыл. Темір жолдағы табиғи және техногенді сипаттағы апаттар кезінде көмек көрсетумен кәсіби айналысатын мекеме ғасырға жуық қауіпсіздікке қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мамандандырылған жылжымалы құрам теміржолдағы апатты жағдайды жойып, пойыздар қозғалысын жылдам қалпына келтіреді. 2013 жылдан бері Рустам Қарабалин басқаратын мекемеде 30 адамнан тұратын бригада – пойыз бастығы, кондукторлар, бригадирлер, краншылар, краншылардың көмекшілері, жүк тиеуші, бульдозерші, тракторшы, электр станциясының машинисі, дәнекерлеуші, слесарь, электрик сияқты мамандар бар. Олардың бәрі – өз мамандықтары бойынша мінсіз дайындалған тәжірибелі теміржолшылар.

«Қалпына келтіру пойызы теміржол жұмысындағы маңыз- ды құрылым болып табылады. Бізде әртүрлі мамандық өкілдері жұмыс істейді, бірақ бәріміздің айналысатын ісіміз ортақ. Басты міндетіміз – теміржол апаттарының салдарын жою. Жұмысымыз төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына ұқсас, күндіз-түні дайындық сапындамыз. Жұмыстың басты талабы шұғыл әрекет етуді ұйымдастырудан басталады. Бұйрық алғаннан кейін депо кезекшісі 15 минут ішінде локомотивті беруге міндетті, өйткені 40 минутта пойыз жөнелтілуі керек. Қалпына келтіру пойызы техникалық реттеу жұмыс- тарына қажетті нәрсенің бәрімен жабдықталған. Көтергіш крандар, қосалқы арбалары бар такелаждық вагондар мен автономды электр станциясы, прожекторлары, арқандары бар вагон әрдайым дайын тұрады. Сондай-ақ пойызда қалпына келтіру жұмыстарын бақылайтын қызметкерлер вагоны бар», – дейді №5 қалпына келтіру пойызының бастығы Рустам Балтабайұлы.

Мекемені әр жылдары басқарған өз саласының кәсіби мамандары саналатын В.Ткаченко, Б.Клименко, Н.Полиничко, С.Лысяк, Ю.Машников, Ш.Майсутов есімдерін ұжым мақтанышпен еске алады. Ұзақ жыл осы мекеменің дамуына қызмет еткен Ж.Майсутов, К.Борашев, В.Головко, М.Нағымов, К.Айжарықов, В.Молодец, Н.Пономаренко және А.Гончаровтың еңбегі зор. Бүгінгі күні аға буынның даңқты еңбек жолын лайықты жалғастырып келе жатқандар қатарында Нұржан Мұқанов, Сәдуақас Айжарықов, Айым Жақыпова, Аксения Айжарықова, А.Пономаренко, Ж.Сүйінғариндер есімі құрметпен аталады.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады