Маңғыстау теміржолында соңғы бір ай көлемінде қауіпсіздікке баса мән берілді

Аймақтар
10.12.2021, 10:59
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында соңғы бір айдың көлемінде басшылық пен жұмысшылар арасында бірнеше кездесу ұйымдастырылды. Мақсат – біреу. Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін факторларды жою және болдырмау жолдарын пысықтау. Жергілікті жиындарда өткен айда басталып, желтоқсанда аяқталып жатқан «Назар аударыңыз – машинист, маневрлік жұмыс!», «Тежегіш табандық – ерекше бақылау!» айлықтарының мән-жайлары мен анықталған кемшіліктердің себеп-салдарлары талқыланды. Маңғыстау қосалқы бөлімі басшысының бірінші орынбасары Е.Бүркітовтің төрағалығымен станциялардың, вагон және локомотив деполарының ұжымдарымен өткен басқосулар өзара сұхбат, сұрақ-жауап форматында өтті.

– Айлықтың шеңберінде осындай талқылау жиындарын өткізудеміз. Алдымен Бейнеу станциясында, сосын Шетпе, Сай-Өтес, Маңғыстау станцияларында жалғасты. Барлығында көтерілген бір мәселе – қауіпсіздік жағдайы. Табантежегішпен қалай жұмыс істеу керек, маневрлік жұмыс- тардың қауіпсіз жүргізілуі, орын алған қателіктер талданып, тақыланды. Сонымен қатар ел теміржолында болып жатқан жағдайлармен таныстыру, қауіпсіздікке нұқсан келген оқиғалардың шығу себептері мен салдары, одан сабақ алу жолы айтылды. Тексерістер барысында анықталған қате-кемшіліктерді жою жолдары да сөз болды, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімі басшысының бірінші орынбасары Е.Бүркітов.

Жиын қорытындысы бойынша кемшіліктердің алдын алу, түзету мақсатында арнайы тапсырмалар берілді. Станция басшылары осы тұрғыдан жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, бұл басқосуларда теміржолшы- лардың кәсібіне сай біліктілігі де сынға түсті. Кейбір қызметкерлерді қайта сынақтан өткізу қажеттігі айтылса, енді бірлерінің өз ісіне ұқыптылығы мен жауапкершілігі өзгелерге үлгі етілді. Сонымен қатар ГПЗД/12022-и телеграфтық нұсқауында көрсетілген пайдаланылмаған маршрутпен маневрлік жұмыс жасау бұйрығын барлық машинистер мен станция кезекшілеріне мұқият оқыту, станцияларда техникалық жұмыс жүйесінің талаптарын, қызметтік нұсқаулықтардың орындалуын қатаң тексеру, кірме жолдарда вагондарды беру және алу келісімшарттарының, кірме жолда қозғалысты ұйымдастыру және қызмет көрсету тәртібі нұсқаулығының сәйкестігіне, дұрыстығына тексеріс жүргізу міндеттері қойылды. Сондай ақ, стандартты емес жағдай орын алған уақытта станция басшылығы кезекшінің іс-әрекетін жеке бақылау үшін қасында болу керектігі және вагондарды табандық тежегішпен дұрыс бекітуіне бақылау күшейтілуі, қызметкерлердің міндетін дұрыс орындауына, жылжымалы құрамалардың және жекелеген вагондардың дұрыс бекітілуіне, сөйлесу регламентін қатаң сақтауға бақылау қажеттігі талап етілді. Сайып келгенде, қауіпсіздікке талап барынша күшейтілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады