Маңғыстаулық теміржолшылар жол-көлік оқиғаларына кінәлілерді анықтауда «Сергек» камераларына мұқтаж

Аймақтар
10.12.2021, 11:03
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Көлік қатынасы көп теміржол өткелдеріне «сергек» камерасын орнату қажет дейді мамандар. Себебі кейбір жүргізушілер пойызбен жарысып, жабық тұрған жолдан өте шығуға асығатын көрінеді. Ал бейнебақылау камерасы тұрғасын ереже бұзуға қаймығып, еріксіз аяқ тартады. Дегенмен, камера орнатылған кейбір өткелдерде орын алған жол-көлік оқиғасын анықтау да кейде қиынға соғып жатады екен. Себебі, тұрақты техникалық күтім жасап тұрмағасын кейде ашылмай қалып жатқандары да бар деседі.

– Өткен он бір айда Маңғыстау жол дистанциясына қарасты теміржол өткелдерінде 7 рет ереже бұзушылық болды. Соның төртеуінде жол полициясының қызметкерлеріне бейнебақылау болмағандықтан оқиғаның толық суретін анықтау қиынға соқты. Кейде бақылау құрылғысында өткелден өту тәртібін бұзған жүргізушілер көлігінің нөмірі де көрінбей жатады дейді. Дегенмен, жоқтан бар жақсы, біз қазір «сергек» камерасына ұсыныс беріп жатырмыз. Жақсы құрылғының құны шамамен 700-800 мың теңге тұрады екен. Жоғары басшылыққа және облыстық ішкі істер департаментіне хат жібердік. Енді келер жылдан үміт етіп отырмыз, – деген Маңғыстау дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев «сергек» ілініп тұрса, теміржол өткелінен өтетін автокөлік тізгіндеушілер қауіпсіздікті ойламаса да, камераға ілініп, айыппұл арқаламау үшін тәртіпке бағынатынына сенімді.

Бүгінде «сергек» камерасы Маңғыстау жол дистанциясына қарасты 34 өткелдің тек біреуінде ғана бар екен. Күзетпелі төрт өткелдің қалған үшеуінде – теміржолшылар өздері орнатқан қарапайым бақылау құрылғысы. Оның да біреуі істен шығыпты. Ал өткелдегі жол-көлік оқиғасы өткен жылғыдан артқан. Себеп – жеңіл көлік жүргізушілерінің қарапайым сақтық шараларын сақтамауы. Сондай немқұрайлылықтың салдарынан түбек теміржолының 13-шақырымдағы өткелінде «Ниссан Максима» жеңіл көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысқан. Бұдан басқа Жаңаөзенде автокөлік иесі бағдаршамның қызыл шамына бағынбай, автоматты шлагбаумды соғып кетіпті.

– Осы жылы түбектегі барлық теміржол өткелдері тексерілді. Қорытындысы бойынша Маңғыстау мен Р бекеті аралығындағы екінші шақырымдағы жекеменшікке қарасты өткелдің кем-кетігі ретке келтірілді. Енді 314-шақырымдағы біздің өткелге қарама-қарсы тұрған «КаспийЦемент» мекемесіне қарайтын өткелді де жөндеуге ұсыныс береміз. Ескіріп, жарамсыз күйге шақ қалып тұр, – дейді Мұхтар Кульчанбаев.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады