Семейде ӘТЖК 100 жылдығына орай ардагерлер мен озат мамандарға сый-сияпат жасалды

Аймақтар
10.12.2021, 11:20
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-нің ел шығысындағы Семей филиалы да өзінің жүз жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Айтулы дата алдымен сала ардагерлері үшін үлкен мерей екені анық. Сондықтан филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантай Қатпенов бастаған топ салаға еңбегі сіңген ардагерлерге құрмет көрсетті. Олардың арасында жуырда ғана 90 жасқа толған Хабдулжаппар Мухамадиев ақсақал мен теміржол күзетінде көп жылдар еңбек еткен зейнеткер Құсайын Ахметов бар. Жүз жылдыққа арналған салтанатты шарада филиал басшысы Самат Раимбеков көпшілікті мерейтоймен құттықтады.

– Бүгінде филиал қарамағындағы барлық нысандар сапалы күзет жасақтарымен қамтамасыз етілген. Мұның барлығы – әлбетте, қырағылық пен қажырлылықты талап ететін үлкен жұмыс. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы желі бойында ұрлық-қарлық саны он бес пайызға артқаны байқалады. Бұл, әрине, бізді де алаңдатады. Сондықтан Семей филиалының ұжымы алдағы уақытта өзіне жүктелген міндеттерді атқаруда жауапкершілік пен қырағылықты арттырады. Бүгінгі таңда ол үшін барлық жағдай жасалған, – деді Самат Ғазизұлы.

Филиал басшысы атап өткендей, ерен еңбегімен ерекшеленген жандардың қатары мол. Мәселен, күзетті ұйымдастыру бөлімінің бастығы М.Қыңырбеков, 1-ші санатты инженерлер К.Ахатаев, Қ.Базарғалиев, А.Мұхамеджанов, сондай-ақ, шұғыл оңтайлы әрекет ету тобының бастығы Ш.Мамырбеков, Өскемен-1 станциясы атқыштар командасының бастығы Қ.Нығметжанов, осы команданың аға күзетшілері Б.Сырымбаев, А.Мұқашев – ұжымның абырой беделін арттыратын кәсіби мамандар. Сонымен қатар, үздік қызметкерлер ұлттық компания басшысының құрмет грамотасымен, басшылықтың мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, 100 жылдыққа орай арнайы шығарылған төсбелгілер табыс етілді. Қонақтарға кәдесыйлар тарту етілді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады