Атырауда 200-ге жуық теміржолшы марапатталды

Аймақтар
21.12.2021, 11:37
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде еңбек ететін екі жүзге жуық теміржолшы түрлі марапаттарға ие болды. Өңірде екі адам «Құрметті теміржолшы» атағын иеленді. Олар – Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының пайдалану жөніндегі бірінші орынбасары Ж.Жүнтүрбаев пен Атырау вагон пайдалану депосының Мақат станциясы техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы А.Абитов. Екеуі де салада отыз жылдан аса уақыт еңбек етіп келе жатқан айтулы мамандар. «Үздік басшы» төсбелгісімен бөлімше басшысы А.Базарғалиев пен Мақат станциясының бастығы М.Басанов, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Б.Досжанов, «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Е.Сапаров пен Ақжайық станциясы өрт сөндіру пойызының бастығы А.Қалиманов, ал, Атырау жол дистанциясының бастығы А.Жылқыбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Сағыз станциясының бастығы Н.Дүйсенбайұлы, Мақат станциясы техникалық қызмет көрсету пунктінің аға вагон қараушысы Ә.Сағындықов, Ганюшкино станциясы айналма депосы бастығының орынбасары Е.Тарихов, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Т.Ертлеуов, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персонал жөніндегі менеджері Ш.Туманова, Атырау жол дистанциясының бас механигі М.Утегенов, электромеханик Б.Сағынов, Құлсары жол дистанциясының машина пайдалану және жөндеу шебері Б.Тілеубаев, Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік оқыту шебері М.Садиров марапатталды. Сонымен қатар «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман» атанған, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының және өңірлік басшылардың Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталған мамандар мерейі өсті. Шара барысында өңірлік өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады