Тәуелсіздіктің 30 жылдығын семейлік теміржолшылар сән-салтанатымен атап өтті

Аймақтар
21.12.2021, 11:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел егемендігінің 30 жылдығын семейлік теміржолшылар ерекше көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Салтанатты жиын барысында аймақ теміржолының өркендеуіне зор үлес қосқан майталман мамандар марапатталып, құттықтау тілектер ақтарылды. Мерекелік басқосуға сала ардагерлері, желі бойындағы теміржолшылар жиналды. Салтанатты шараны Семей ЖТ бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Ғабит Есқожанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысы Айдын Шәукежанов теміржолшыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, егемен елдің игілігі жолында тер төгіп жүрген әрбір теміржолшы қошемет пен құрметке ие екенін жеткізді. Әрине, мұндай салтанатты шаралар марапатсыз өтпейтіні белгілі. Бұл жолы да бірқатар семейлік теміржолшылардың абыройы асқақтады. Атап айтсақ, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Ғабит Ғазизұлы және Айжан Оспанова марапатталды. Ал, «Үздік басшы» атағын ПЧ-39 басшысы Рахат Ботаспаев пен ЭЧ-18 мекемесінің директоры Нұрлан Жақсылықұлы, қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Дәулет Сүлейменов иеленді. Көптеген теміржолшылар ҚТЖ басқарма төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың арасында ВЧД-23 мекемесінің кәсіподақ төрағасы Ертай Темірбеков пен ПЧ-40 кәсіподағының төрайымы Зульфия Еникеева, жастар ұйымының жетекшісі Арайлым Қосанова болды. Сонымен қатар, 1986 жылғы Алматы қаласында орын алған Желтоқсан оқиғасына қатысқан төрт теміржолшы құрбы ерекше құрметке ие болды. Ұлттық компания басшылығының Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған арнайы сыйлықтары бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің аға инженері Айтолқын Мұхамедияроваға салтанатты түрде табыс етілді. Зал толы теміржолшылар ержүрек төрт құрбыға қошемет білдіріп қол соқты. Ыстық ілтипатқа толы салтанатты кеш қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен әсем жалғастық тапты.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады