Маңғыстау теміржолының үздіктеріне сый-сияпат жасалды

Аймақтар
21.12.2021, 11:51
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолы үшін өткен отыз жыл жетістіктерге толы болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен салтанатты жиында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров өңір теміржолының даму үдерісін сөз етіп, теміржолшылардың ерен еңбегіне алғыс айтты. Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Жарылғап Дүйсенбай саланың дамуына еңбегі сіңген бір топ теміржолшыны марапаттады. Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Кеңғали Асқанбаев пен Маңғыстау жол дистанциясының бастығы Бекберген Құрбанов «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін тақса, Өзен станциясының бастығы Самат Сариев «Үздік басшы», Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің бухгалтері Актилеш Баймухашева «Үздік маман» атанды. Наптал Сахабаев, Мустафа Қожбанов, Ернар Айдарханов, Сайфуллин Тышқанбаев, Игілік Машырыков «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталса, вагон қараушы Жанарбек Якупбаев үшінші рет «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісінің иегері атанды. «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін Шетпе станциясының бастығы Бәлібек Есенгелдиев, Теміржолшылар Кәсіби одағы орталық кеңесінің Маңғыстау аймағы бой- ынша өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов, Маңғыстау станциясының бастығы Бағыбай Исатаев, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі персоналды басқару бөлімінің бастығы Екпін Қожахметов алды. Сондай-ақ, тағы жиырмаға жуық сала қызметкері «ҚТЖ» АҚ Президентінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын алды. Маңғыстау станциясының кезекшісі Гүлнар Төлегенова, Бейнеу жол дистанциясының жол шебері Талғат Есжанов пен Маңғыстау байланыс дистанциясының аға электромеханигі Ерлан Сарыбаев «Кәсібі бойынша үздік» белгісін, Маңғыстау станциясының инспекторы Айнұр Искалиева «Әске- рилендірілген теміржол күзетіне 100 жыл» төсбелгісін тақты. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады