Қандыағаш вагон пайдалану депосының екі жұмыскері «Құрметті теміржолшы» атанды

Аймақтар
21.12.2021, 12:01
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік мерекесі күні Ақтөбе темір жолы бөлімшесінде өткен салтанатты шарада аймақ теміржолының қалыптасуы мен тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері насихатталып, еңбек майданының батырлары алғысқа бөленді. Биыл Қандыағаш вагон пайдалану депосының қос бірдей азаматы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталуы вагон шаруашылығы еңбеккерлерінің мерейін үстем еткен айтулы оқиға болды. Олар – депо бастығы Еркін Жананбаев пен өндірістік оқыту шебері Миржан Жұмабаев, екеуі де салаға еңбегі сіңген кәсіби теміржолшылар. Еңбектегі жетістіктері үшін «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталғандар қатарында Ақтөбе жол дистанциясының бастығы Кеңес Нұртаев, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалының техникалық бөлім бастығы Серік Зұлхарнаев, Қандыағаш вагон пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету депосының жылжымалы құрамды жөндеу слесарі Жұмалы Еламанов, Ақтөбе вокзалының шебері Анархан Еркебаев, пойыздар қозғалысын басқару орталығының диспетчері Серік Миркемелов болды. Сонымен қатар, Жіңішке станциясы, Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы, Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және Ақтөбе материалдық-техникалық жабдықтау базасы мекемелерінің басшылары «Үздік басшы» номинациясымен марапатталды. Бұдан басқа «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман» белгісімен, Алғыс хатпен марапатталғандар қатары мол болды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады