Ақтөбеде үздік шыққан 30 белсенді жастың ішінде теміржолшы да бар

Аймақтар
22.12.2021, 10:49
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына Ақтөбе облысының әкімдігі қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салада жетістікке жеткен 30 жасты марапаттады. Олардың қатарында теміржолшылар да бар.

Ақтөбелік теміржолшы жастарға жетекшілік етіп жүрген Руслан Жұмағалиев – өңірдегі белсенді еріктілердің бірі. Қазір ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс филиалы техникалық бөлім бастығының орынбасары қызметінде. Сонымен қатар, «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының Ақтөбедегі жетекшісі. Әрдайым теміржолшы ерікті жастарды бастап, жақсылықтың жаршысы болып жүреді. Бүгін «Үздік жастар кеңесі» номинациясының иегері атанып отырған Руслан Жұмағалиев өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін арнайы диплом мен төсбелгіге ие болды.

«Теміржолшылар қоғам өмірінен ешуақытта тыс қалған емес. Әрдайым қарттар мен балалар үйі, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жалғызбасты қариялар және аз қамтылған отбасылардың шаңырағын аралап, қолдан келген көмегімізді жасап келеміз. Тәуелсіз еліміздің дамуына титтей де үлесімізді қоса алсақ, мақсатымыздың орындалғаны», – дейді Руслан Жұмағалиев.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев Русланның жүлдесін табыстап, қызметте абырой тіледі.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады