Табантежегіштерді бақылау айлығында 20-ға жуық тексерулер ұйымдастырылды

Аймақтар
28.12.2021, 10:32
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігi департаменті басшылығының ұйғарымымен ағымдағы жылдың қараша мен желтоқсан айында «Тежегіш табандық – ерекше бақылау!» айлығы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Шара барысында қауіпсіздікке нұқсан келтіретін факторларды жою және оны болдырмаудың басты қағидалары назарға алынды. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде айлық барысында қызметкерлерді техникалық оқыту, қамтылуға тиіс нормативтік-техникалық құжаттамалардың орындалуы, қызметкерлердің еңбек міндеттерін бақылауды ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Нысандарды аралап, теміржолшылармен әңгімелесу ұйымдастырған басшылық құрам станция, вагон және локомотив деполарында өткен басқосуларды сұрақ-жауап форматындағы білім жарысына ұластырды.

«Тежегіш қауіпсіздігін бақылау айлығы барысында жиындар тек кеңседе өтпей, табантежегіштердің қалай жұмыс жасап тұрғанына, маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігіне назар аударылып, өндіріс басында да жиі ұйымдастырылды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс үнемі жетілдіруді талап етеді және теміржол көлігі саласында басым бағыт екені даусыз», – деді өңiрлiк бас мiндетiн уақытша атқарушы Қ.Әбілғазин.

Айлық барысында Ақтөбе учаскесі бойынша өңiрлiк ревизорлар аппараты іс-шаралардың орындалуын тұрақты қадағалауға алды. Апта сайын желілік деңгейдегі басшыларды тыңдау кеңестері өткізіліп, нәтижесінде 20-ға жуық тексерулер ұйымдастырылды. Жалпы, «Тежегіш табандық – ерекше бақылау!» айлығы барысында үш мыңға жуық жұмысшы техникалық сабақтарға қатысты. Кемшіліктерді анықтау шарасы барысында ұқыптылығы мен жауапкершілігі жоғары мамандардың еңбегі көпке үлгі етілді. Техникалық сабақтар кезінде машинистер мен станция кезекшілеріне маневрлік жұмыс жасау кезіндегі мұқияттылық ескертіліп, кірме жолда қозғалысты ұйымдастыру және қызмет көрсету тәртібі нұсқаулығының сәйкестігіне, дұрыстығына тексеріс жүргізу міндеттері қойылды.

«Жүргізілген жұмыстарды талдау негізінде оң динамика байқалды. Бұл айдың соңғы аптасында бұзушылықтар санының азаюымен көрінді. Технологиялық процестерді ұйымдастыру деңгейінің жоғарылағаны байқалды. Айлық кезінде табантежегіштерді пайдалануда қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілері тіркелген жоқ», – дейді Қ.Әбілғазин.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады