Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Аймақтар
14.01.2022, 15:10
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздегі соңғы уақыттағы орын алған келеңсіз оқиғаларға байланысты Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қауіпсіздік шараларына басымдық берілген. Бұл ретте қоғамдық тәртіпті сақтау мен террорлық қауіптіліктің алдын алу және азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Әсіресе, желілік полиция қызметкерлеріне біршама салмақ түсіп тұр. Себебі, транзит ағыны мол Семей теміржолы бойынша қазіргі таңда желі бойындағы барлық мекемелердегі күзет күшейтілген. Әсіресе, вокзалдардағы қырағылық арттырылуда. Оған себеп те жоқ емес. Мәселен, жуырда Алматы қаласынан Семейге келіп жеткен №22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызынан түскен бір жолаушы азаматты темір қоршаудан бірнеше сөмкені асырып өткізбекші болып жатқан жерінен станцияның желілік полиция қызметкерлері ұстаған.

- 30 жастағы күдіктіні тексеру барысында сөмкесінен үш дана ноутбук, аңшы қолғаптары мен аңшылыққа арналған бұйымдар алынды. Болжам бойынша күдіктінің Алматыдағы мародерлік іс-әрекеттерге, соның ішінде тәртіпсіздіктер кезінде тұрмыстық техникалар сататын «Технодом» сауда үйін тонауға қатысы бар, - дейді Семей станциясының ЖІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Еркебұлан Құдайбергенов. Егер қылмысы дәлелденсе, 1991 жылы туған азамат ҚР ҚК-нің 188 бабы «Ұрлық» бойынша заң алдында жауапқа тартылатын болады. Қазіргі таңда күдікті тұрғын уақытша оқшаулау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар, көліктегі тәртіп сақшылары ел шығысы бойынша жолаушылар пойызындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға күш салуда. Сондай-ақ, мародерлік іс-әрекеттер бойынша орын алған қылмыстарды ашуда вкзалдағы, жолаушылар пойыздарындағы тексерулерге түсіністікпен қарауға шақырады.

Қуаныш Қожаев

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер