40 жылдық тәжірибесі бар маңғыстаулық вагон қараушы аса қауіпті 2 ақауды анықтады

Аймақтар
20.01.2022, 10:26

Елімізде былтыр 1 қарашадан бастап биылғы 1 наурызға дейін «Бүйір рамасын бақылау» 4 айлығы өтіп жатқаны белгілі. Мақсат - еліміздің теміржолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жақында маңғыстаулық вагон қараушы Назархан Сариев арасына бір апта салып сондай 2 ақау тапты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жалпы пойыздардың ақауын табу - теміржолда компания басшылығы ерекше жоғары бағалайтын жетістік. Себебі дер кезінде анықталмаған ақаулар вагондардың жолдан шығып кетуіне әкеліп, бүкіл құрамға ғана емес, ондағы жүктерге және ең бастысы адамдар өміріне қауіп төндіреді.

Назархан теміржолшы тапқан ақаудың екеуі де бүйір рамасынан анықталды. Біріншісінде бүйір рамасының 3 жерінде диаметрі – 1 мм, тереңдігі 11-12 мм болатын сызаттар тапты. Бұл вагон Түрікменстан теміржолына тиесілі екен. Бірақ ар жағы раманы өндіруші ел – Румыния, рама 1989 жылы құйылыпты. Екінші ақауды «Днепровагонмаш» АҚ-ға тиесілі вагоннан анықтаған. Бұл жолы сызаттың диаметрі – 8 мм, тереңдігі – 22 мм. Көлеміне қарағанда ақау өте күрделі, қауіпті түріне жатады. Мұндай ақауларды жұмысына ыждаһатты және тәжірибелі вагон қараушылар ғана анықтай алады. Расымен Назархан Сариевтің вагон шаруашылығындағы жұмыс тәжірибесі мол.  

- Теміржолда вагон қараушы болып жұмыс істеп келе жатқаныма 40 жылға таяды. Содан бері әрине түрлі ақауларды таптық. Өзім теміржолшының баласымын. Қазір екі қызым да менің жолымды қуып, осы салада еңбек етуде. Жалпы ақау табуды ерлік деп емес, өзімнің жұмысым, теміржолшы ретіндегі күнделікті міндетім деп санаймын, - дейді Н. Сариев.

Осы еңбегі үшін ол басшылық тарапынан марапатталып, екі рет «Қозғалыс қауіпсздігі үшін» төс белгісіне ие болды, сондай-ақ төл мереке қарсаңында Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар алып жүр.

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер