Батыстағы жүк тасымалы қарқынды

Аймақтар
08.02.2022, 12:42
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев өткен жылдың жұмыс қорытындысын жариялады.

  Аймақта жүк тасымалдау көрсеткішімен қатар, еңбек өнімділігі негізгі межеден артығымен орындалды. Ақтөбе және Орал аймақтарының 2021 жылдың қорытындысы бойынша жүк айналымының көрсеткіші 5,4%-ға асыра орындалды. Атап айтсақ, 21 291,0 млнткм 22 445,9 млнткм болып орындалған. Тасымалдаудың негізгі қызметінен түскен кіріс 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға өсті немесе 10 млрд 121 млн 459 мың теңгеге артық. Сонымен қатар, жылдық көрсеткіште пойыздар қозғалысы кестесінің көрсеткіші де жақсарған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету де жоғары деңгейде.

«Пандемияның басталуы логистикалық байланыстарға айтарлықтай әсер етті. Алайда, контейнерлік тасымалдардың өсуі осы күрделі жылда да тоқтаған жоқ. Транзиттік тасымалда қолданылып жатқан заманауи логистикалық әдістер жүк жөнелтушілер қатарының артуына әсер етіп отыр», – дейді Бөріхан Беркімбаев.

Есепті кезеңде пойыздарда отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуда да үнемдеу болған. 2020 жылмен салыстырғанда пайдаланылған отын 620,06 тоннаға үнемделген.

Қауіпсіздік ұғымын негізгі қағида санайтын салада жол сапасы негізгі критерий болып саналады. Өткен жылы аймақта 54,6 км теміржолға күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде ұзындығы 6,4 км болатын Шалқар-Үшқұрай асуы, Қайыр-Қайдауыл асуындағы 7,72 км жол, Қайдауыл-Ұлпан асуында 19,2 км жол, Қарауылкелді станциясының аумағына күрделі жөндеу жұмыстары өтті.

Сондай-ақ, жоспар бойынша 18 876 шақырымды құрайтын Алғабас-Аңғаты учаскесіне толықтай күрделі жөндеу жүргізілді. Қандыағаш-Сексеуіл, Жем-Ақтөбе, Қандыағаш-Илецк, Ақтөбе-Орал, Шалқар-Бейнеу учаскелерінде пойыздардың тоқтау сағатын азайту және қызмет көрсету кепілдіктерін арттыру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылып, табысты жұмыс істеуде.

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер