Былтыр ақтөбелік жастар 80 соғыс ардагердіне көмек көрсеткен

Аймақтар
16.02.2022, 08:43
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық бірлескен жобасы аясында 12 мыңнан аса ерікті жастарымыз Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі түрде қамқорлық көрсетіп келеді.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында басталған жоба әлі күнге жалғасып отыр. Өткен жылы ақтөбелік жастар 80 ардагердің үйіне 400-ден аса рейд жасап, қарттардың қажеттілігіне қарай дәрі-дәрмектен бастап, тұрмыстық техникаларға дейін тарту еткен.
Жуырда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының Ақтөбедегі белсенділерін қабылдады. Аймақ басшысы «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының директоры Е.Кенгербаевқа алғыс хат табыстап, теміржолшы жастардың қоғамдық шараларды ұйымдас- тыруда ерекше белсенділігі үшін ризашылығын жеткізді.

«Жастардың қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдас- тырып отыруы – отаншылдық пен рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін өнегелі іс» деп баға берген Бөріхан Беркімбаев өскелең ұрпақты рухани құндылықтарды насихаттауға, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне құрмет көрсетуге үндеді. «Жеңіс» жобасының аясында өңірдегі барлық Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен таныстық. Тарихи оқиға кейіпкерлерінің естеліктерін өз ауыздарынан естіп, батасын алдық. Жастар қайырымдылық шараларын әрі қарай да жалғас- тыра беруді құптап отыр», – деді жобаның Ақтөбедегі жетекшісі Руслан Жұмағалиев.

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер