Озық технологиялар Маңғыстау теміржолындағы қауіп-қатерді азайтуға септігін тигізіп отыр

Аймақтар
22.02.2022, 10:36
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында құрылғыларды заман талабына сай жабдықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету көрсеткіштерін жоғарылату бағытында жүзеге асырылып жатқан игілікті істер аз емес.

  Дистанциялықтар өткен жылдары бағдаршамдар жарығын арттыру мақсатында линзалық жиынтықтар жаңа жарықдиодты модульдерге ауыстыру жұмыстары қолға алынған болатын. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Сондай-ақ, мекеме жұмысшыларының күшімен Жетібай, Маңғыстау, Қарақия станциялары және «Р» бекетіне заманауи технологиялық микропроцессорлы диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары іске қосылды. Осы қондырғының арқасында пойыздық диспетчерге жоғарыда көрсетілген станцияларды толық қадағалау мүмкіндігі туды. Нәтижесінде пойыз диспетчері станциялардың жағдайын бақылап, жолдардың бостығын, бағдаршамның ашылып-жабылып тұрғанын көріп, біліп отырады.

Сонымен қатар дистанцияның 16 бекеттегі жұмысшылары енді су жаңа модульдік ғимараттың игілігін көреді. Бекетте ескі электрондық орталықтандыру постының орнына барлық жағдайы жасалған, кондиционері, жылыту пештері бар, қажеттілікпен толық қамтылған модульдік ғимарат пайда болды. Аталған нысан байланыс саласының қызметкерлері үшін ыңғайлы жұмыс орны ғана емес, СОБ қондырғылары үшін де ыңғайлы, қауіпсіз және қолайлы орын болмақ. Бұған дейін пайдаланылып келген, 1982 жылы тастан салынған ескі ғимарат ішіндегі құрылғылар сәуір айында жаңа модульдік ғимаратқа көшірілмек.

– Линзалық комплектілерді жарықдиодты модульге ауыстыру жұмысы 2020 жылы басталды. Сол жылы мекеме бойынша 55 бағдаршамда линзалық комплектілер жарықдиодты модульге ауыстырылды. Былтыр да 44 данасы алынған еді. Қазір соларды орнату жұмысы жалғасуда. Ол Бейнеу мен Маңғыстау аралығындағы бекеттерде жүзеге асуда. Жұмыстар толық аяқталып, жаңарғаннан кейін бағдаршамның көрінуі жақсара түседі. Алыстан жарқырап көрініп тұратын болады. Мұның бәрі айналып келгенде қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға оң ықпал етері сөзсіз және заманауи талап- қа сай, – дейді бұл туралы Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Кенгали Асканбаев.
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер