Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподағы биылға жоспарланған іс-шараларды нақтылады

Аймақтар
01.03.2022, 13:05
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі тарапынан биылғы 30 жылдыққа орай елеулі шаралар қолға алынуда.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының жетекшілері бас қосып, атқарылар іс-шаралар жоспарын құрып, алдағы жұмысты пысықтады.

Бөлімшенің кәсіподақ ұйымы төрағасы Алик Досанов 30 жылдық аясында жүзеге асырылуы тиіс межелі жоспарлармен таныстырып, шаралар қатары қазірден бастап іске асырылып, алдағы жаз айларында күш алатынын жеткізді. Оның ішінде теміржолшылар арасындағы мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе көпбалалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, ардагерлерге құрмет көрсету, балалар үшін тарихи орындарға саяхат пен патриоттық-тәрбиелік мәні бар шаралар ұйымдастыру, бұқаралық-спорттық сайыстар өткізу сынды қайырымдылық акцияларына ерекше басымдық берілмек.

Сонымен қатар, кәсіподақ жұмысын әйгілейтін арнайы стенд әзірлеу де ойластырылуда. Ал теміржолшы жастар бірнеше флэшмоб ұйымдастырмақ.

– Бізде көп жылдық тәжірибе бар. Әсіресе, түрлі қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыруда біршама нәтижеге қол жеткіздік. Дегенмен барлық жұмыс бөлімше басшылығымен кеңесе отырып, ұжымдық келісімшарт аясында, заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. 30 жылдық мерейтой – айтулы дата, сондықтан әрқайсымыздан айрықша белсенділік күтіледі, – деді Алик Тұрсынұлы.

Жиын барысында кәсіподақ белсенділері арнайы баннер, логотип хэштегін әзірлеу сынды мәселелерді талқылады. Әрбір имидждік іс-шараның өткізілетін мерзімдері белгіленіп, жауапты тұлғалар тиісті нұсқаулықтар алды.

Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады