Ақтөбе станциясы күніне шамамен 27 жұп жүк пойызын қабылдап-жөнелтеді

Аймақтар
11.03.2022, 10:23
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бірінші класты Ақтөбе станциясы екі бағытта жұмыс істейді: Илецк және Қандыағаш бағыты. Өткен жылдың өндірістік көрсеткіштерін жоғары деңгейде жапқан станцияның биылғы қарқыны да жаман емес.

– Станция күніне орта есеппен 27 жұп жүк пойызын қабылдап-жөнелтеді. Сұрыптау дөңесінің тәулігіне 886 вагон өңдеп-өткізу мүмкіндігі бар, – дейді станция басшысы Нұрлан Ермағанбетов.

Барлық ірі қалалардағыдай Ақтөбе-1 және Ақтөбе-2 станциялары бар, олардың атқаратын жұмыс ерекшеліктері де бөлек. Мәселен, Ақтөбе-1 станциясында жолаушылар және жүк пойыздарын қабылдау және жөнелту, жергілікті және құрама пойыздарды өңдеу, жолаушылар пойыздарын жасақтау мен жабдықтау, тіркеме вагондарды жолаушылар пойыздарынан ағыту, пойыздарды техникалық байқаудан өткізу, кірме жолдардағы жүк операцияларын жүргізу, жүк операциялары аяқталғаннан кейін вагондарды тазалау, транзиттік пойыздардан локомотивтерді ажырату, маневрлік локомотивтермен жұмыс, локомотив бригадаларын ауыстыру, т.т. міндеттері кіреді.

Ал Ақтөбе-2 станциясында демонтажға келген пойыздарды тарату, жергілікті және құрама пойыздарды өңдеу, пойыздарды қалыптастыру, пойыздарды техникалық және коммерциялық тексеру секілді жұмыстар атқарылады.

Пандемия жағдайы жүк тасымалына әсер етпей қойған жоқ. Жүк түсіру, тиеу жұмыстарына шектеу шаралары станция жұмысына, жоспардың орындалуына белгілі бір деңгейде әсер етті. Әрине, коронавирустық індеттің салдарына қарамастан станция жұмысы тоқтаған жоқ. Теміржолшылар қауіпсіздік шараларын сақтап еңбек етті және жүз пайызға жуық вакцина алғанның арқасында теміржолшылар арасында өлім-жітім болмады. Ал бүгінгі таңда қауіпсіздіктің жасыл деңгейіне өткен Ақтөбеде теміржолшылар тірлігі жандана түскен.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті