Маңғыстауда машинистер 2 айда 11 рет пойызды шұғыл тоқтатқан

Аймақтар
15.03.2022, 12:15
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық теміржолшылардың малдың жолға шығуына қарсы жасап жатқан әрекеті нәтиже беруде. Өткен жылмен салыстырғанда төрт түліктің жолға шығу деректері сәл де болса азая бастаған.

  Өткен қаңтар-ақпан айларында Маңғыстау жол дистанциясы аумағында пойыз машинистері малды баспас үшін 11 рет шұғыл тежегіш қолданған. Былтыр бұл мерзімде 17 оқыс тежеу тіркелген. Биыл 4, ал былтыр 6 ірі қара малды пойыз басқан. Теміржолшылар мен желілік полиция өкілдерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде басылған төрт малдың да иесі табылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 30-тарау 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту берілген. Бұл аталған деректер 11-12 және 12-13 Ақбөбек бекеті мен Бопай станциясы аралықтарында орын алған.

– Теміржолға мал шығуының қауіптілігінен бөлек оның экономикалық зияны да бар. Мәселен, осы жылы оқыс тежеулер салдарынан 0,55 т жағармай артық шығындалды. Жол қозғалысына кедергі келтіруі өз алдына. Дистанция мамандары өткен екі ай ішінде 204 мал иесімен кездесіп, ауыл тұрғындарына теміржол бойына мал бағудың қауіптілігі түсіндірілді. Желілік полиция өкілдерімен бірлесе ауыл мектептерінде де кездесулер өтті. Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандарының әкімдіктеріне жеке шаруашылық, шаруа қожалығы иелеріне түсінік жүргізу, бақташы ұстау туралы екі рет хат жолданды. Малға қарсы қоршауды көбейту үшін ірі қараның көп жайылатын, қыстаудан жайлауға, жайлаудан қыстауға көшетін жерлерін анықтау туралы сұраныс берілді, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев.

Дистанция маманы, сондай-ақ, биыл 70 шақырым малға қарсы қоршау тұрғызу жоспарланып отырғанын жеткізді. Қоршау 11-12 және 14-15 бекеттер аралықта- рына салынатын көрінеді.

Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады