Шығыста құрылыс материалдарын тасымалдау қарқынды жүріп жатыр

Аймақтар
15.03.2022, 12:58
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында тиеліп, шартарапқа тасымалданатын жүктердің ішінде құрылыс материалдарына ерекше басымдық беріледі. Оған бірден-бір себеп, ұлттық компаниямен тығыз әріптестік орнатқан «Alina» ЖШС, «Семей силикат зауыты» АҚ мен «Семей цемент зауыты» ЖШС өнімдерінің сұраныстан түспеуі болып отыр.

  Дегенмен биылғы жыл басынан бергі көрсеткіштерге сүйенсек, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша цемент өнімін тиеу күрт артып отыр. Оған бірінші кезекте аймақтағы тұрғын үй құрылысының қарқын алуы ықпал етуде. Соның нәтижесінде Суықбұлақ, Жаңа-Семей, Семей станцияларындағы өндіріс барысына қосымша маневрлік тепловоздар тартылуда. Сәйкесінше, вагондармен қамту және бос вагондарды уақытында жинап алу бойынша біршама күрделі жағдай туындаған.

Мәселен, «Семей цемент зауыты» ЖШС үшін Суықбұлақ станциясынан арнайы шикізат тиеу соңғы екі айда күрт қарқын алыпты. Тек бір айдың ішінде   1036 мың тоннадан тұратын 1501 вагонның жүгі тиелген. Бұл – өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда анағұрлым артық көрсеткіш.

Сол тәрізді аталған зауыттың өнімдерін тиеу мен жөнелту бойынша Жаңа-Семей станциясында жоспарлы шаралар қатары қолға алыныпты. Оның себебі межеге алынған жүк тиеу жұмыстарының белгіленген мөлшерден біршама асып кетуі болып отыр. Осылайша, жаңа-семейліктер бір айдың ішінде жоспарды артығымен орындап, қосымша жүк жөнелтіп жатыр. Есептік көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,5 тоннаға артыпты.

– Бұл шаралардың барлығы өз кезегінде жүк түсіру мен тиеудің техникалық жоспарының артуына оң ықпал етіп отыр. Атап айтар болсақ, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша тек өткен қаңтар айының өзінде ғана жоспар көлемі 123,3 пайызға артып отыр. Бір ғана жүк станциясы бойынша тәулігіне 163 вагонға жүк тиеген мезеттер болды. Мұның өзі жұмыс ауқымының қаншалықты артқанын көрсетеді, – дейді бұл орайда пікір білдірген бөлімшенің техникалық бөлімінің мамандары.

Қазіргі таңда әсіресе Жаңа-Семей, Суықбұлақ, Аягөз станциялары бойынша жүк тиеу мен түсіру жұмыстары қарқын алған. Оның ішінде жергілікті зауыттарда өндірілген цемент өнімінің үлесі айтарлықтай өсіп отыр.

Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады