Сағыз станциясында вокзал салу мәселесі сағызша созылып барады

Аймақтар
01.04.2022, 10:46
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қызылқоға ауданындағы Сағыз станциясы Мақаттан – 140 км, Атырау қаласынан 300 шақырым қашықта орналасқан. Осыдан тұп-тура 70 жыл бұрын салынған вокзал жаңартуды қажет етеді, әбден тозығы жеткен.

Атырау-Қандыағаш темір жолының құрылысы 1936 жылы басталып, оның Атырау-Сағыз бөлігі 1942 жылы толықтай және тұрақты пайдалануға берілгені белгілі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сағыз теміржол вокзалы 1952 жылы бой көтерген. Жетпіс жылдан бері тек сылау-сырлаумен келе жатқан ғимарат бүгінде тозығы жеткені өз алдына, іші айналымға келмейтін тар, қыста жылуы нашар, асхана, дәретхана және жүк сақтау бөлімі деген атымен жоқ. Ал адам саны жетпіс жылдан бері бірнеше есеге өсті. Сондықтан жаңа ғимарат қажеттігі талас тудырмайды. Бүгінде вокзал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ иелігінде, алайда, жергілікті әкімдік өз балансына алуды көздеп жүрген жайы бар.

– Жаңа вокзал салу жоспарда бар. Алайда вокзал қазір ҚТЖ иелігінде болғандықтан, жоба жасау мүмкін болмай тұр. Сондықтан біз ұлттық компанияға хат жолдап, жергілікті билік балансына өткізуді сұрадық. Тек содан кейін ғана жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтауға кірісеміз, – дейді аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.

Біздің білуімізше, өткен жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесі Сағыз темір жол вокзалы ғимараты, оның құрылыс ауданы мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын техникалық тексеруден өткізіп, нәтижесінде жаңа вокзал тұрғызу үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға жіберілді делінген. Алайда, вокзал салуды жергілікті әкімдік қолға алатын болған соң ол жұмыс тоқтап қалған сияқты. Жергілікті халық вокзалды кім салса да, тезірек қолға алса дейді. Сағыз – аудандағы халқы ең көп шоғырланған елді мекен. Станция арқылы 30 жұп жүк пойызы, 8 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Сондықтан жаңа вокзал Сағызға керек-ақ.

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды