Ақжайық станциясының үй айдағы жұмысы жоспарға сай

Аймақтар
26.04.2022, 11:32
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ақжайық станциясы жүк тасымалының бүгінгі көлемін толық игеріп, бар мүмкіндігімен жұмыс істеуде. Станцияның 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар. Маневр жұмыстары екі маневрлік тепловозбен атқарылуда.

Станция бастығы Есенжан Темірғалиевтің айтуынша, өткен 3 айда станция жоспар межесінен көріне алды. Мәселен, үш айда вагон айналымы 117,0 %-ға орындалды. Орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспардағы 3 вагонға орындалған. Тоннамен есептегенде станция арқылы 114 тонна орнына 152 тонна жүк тиеліп, жоспар 133,3 пайызды құраған.

Станциядан күніне 2-3 пойыз, 100-150 вагон қабылдап-жөнелтіледі, жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз емес, әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артып кеткен кезде қиын. Жалпы, Атырауға келетін жүктің 60 пайызы аталған станцияға тиесілі. Басқа станциялар сияқты мұнда тек мұнаймен емес, цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады. Егін егу мен орақ кезінде еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі. Ал қазір көктемгі егістің қызып тұрған шағы.

Өңірдегі мұнай компанияларының тоқтаусыз жұмыс жасауы да тасымал көлеміне оң әсер етіп тұр. Ал, жүк түсіру тәулігіне 39 вагон болса, ол 73,2 пайызға орындалып, межеге жетпеген. Дегенмен, статистикалық салмақ 114,7 пайызға орындалды. Ақжайық станциясы тек мұнаймен ғана жұмыс жасамайды, цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады, еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі.

Атырау аймағында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолдарында құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі де жүк көлемі мен салмағының артуына ықпал етіп отыр. Өңірде карантиндік шектеулер жойылып, станция ұжымы толық жұмыс кестесіне көшкен. Соған сәйкес, алғашқы тоқсандағы жұмыс нәтижелі деуге болады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады