Қандыағаш станциясында жүк айналымы көрсеткіші өсті

Аймақтар
21.10.2022, 10:07
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш кластан тыс ірі сұрыптау станциясы төрт бағытқа қызмет көрсетеді. Басқару жүйесі толық автоматтандырылған. Ірі тораптық станцияда 21 жолдан тұратын сұрыптау дөңесі жұмыс істейді.  

Станцияда биылғы жүк айналымы көрсеткішінде қарқынды өсім бар. Қазіргі уақытта тәулігіне 80 жұп пойызды қабылдап-жөнелтіп отыр. Аумақта бес парктен жабдықталған 3 маневрлік аудан, 7 маневрлік локомотив жұмыс істейді, 11 кірме жол бар. Оның ішінде жұмыс күнделікті тоқтамайтын, күніне 7-8 вагон жүк тиелетін кірме жолдар бар. Ең кішкентай деген кірме жолдың өзінде айына 30 вагонға дейін жүк тиеледі.  

Қандыағаш станциясының басшысы Асхат Мажитов автоматтандырылған сұрыптау дөңесімен таныстырды. Мұнда тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған 21 жолға 31 баяулатқыш орнатылған. 12 сағатта 1200-1300-ге дейін вагон түсіріледі. Тәулік бойғы жұмыс көрсеткіші 2500 вагонға жетеді. Бір жылда сұрыптау дөңесінен өткен вагондар саны миллионнан асып тұр.  

Төрт маневрлік локомотив құрамдарды парктен паркке ауыстыру, вагондарды әкелу-әкету, ағыту, тіркеу, ауыстыру, өңдеу, т.б. жұмыстарды тәулік бойы 24 сағат тоқтаусыз жүргізеді екен.  

Құжаттарды өңдеу орталығының операторы Света Жолмұрзаеваның айтуынша, таңнан бастап сағат 16:30-ға дейінгі уақытта сұрыптау дөңесінде 634 вагон өңделген. Бүгінде 242 адам еңбек ететін станция Тобыл – Астана, Сарыағаш – Астрахань, Арыс – Мақат, Тобыл – Ақтөбе бағыттарына жүк жөнелту және қабылдау жұмыстарын мүлтіксіз ұйымдастырып отыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады