Республика күні жамбылдық теміржолшылар марапатталды

Аймақтар
27.10.2022, 12:10
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Республика күніне арналған салтанатты шарада жамбылдық теміржолшылар Әнұранды жанды дауыста орындады. Мерекеге орай жамбылдық теміржолшылардың мерейін үстем еткен тағы бір қуанышты хабар жария болды.

Республикалық «Сала үздігі - 2022» байқауында «Бюджет есебінен өсім» аталымы бойынша еліміздегі ірі он компанияның ішінен «Алтын» рейтингі бойынша «Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалы – үшінші орын, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны төртінші орынды иеленсе, «Күміс» рейтингі бойынша Шу машиналандырылған жол дистанциясы екінші орынды иеленді. Ал «Қола» рейтингі бойынша Жамбыл магистральді желі бөлімшесі үшінші орынды иеленіп, аталған кәсіпорын басшылары марапаттау салтанатына шақырылып отырғаны белгілі болды.

  

Көпшілдікті Республика күні мерекесімен құттықтаған бөлімше басшылары мен кәсіподақ  ұйымының өкілдері ерен еңбегі еленген  бірқатар теміржолшыларды түрлі марапатпен марапаттады.  Атап айтқанда, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Жамбыл вагон пайдалану депосының бастығы Талғат Жасұзақов, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының участок бастығы Сүгір Бектасов, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Қанат Үмбетов, Жамбыл жол дистанциясының еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша жетекші инженері Шамшидин Дадабаев марапатталды.  Тараз станциясы бастығының орынбасары Нұрлан Құлсариев, Жамбыл локомотив пайдалану депосының электровоз машинисі Ғани Нұрбаев, Жамбыл жол дистанциясының бригадирі Сәбит Убайдуллаев «Кәсібі бойынша үздік» атағын иеленді. Сонымен қатар «Үздік маман» болып танылған Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің техникалық бөлімінің жетекші инженері Дария Әлімбетова, Шу станциясының есепке алу бөлімінің персонал жөніндегі менеджері Бақыткүл Әлімжанның мерерйі үстем болды.  Тағы бірқатар теміржолшыларға «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ы Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының Құрмет грамоталары тапсырылды.  Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 Осы күні Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры Бақтияр Төлеков те Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың қолынан «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін алғанын айта кеткен жөн.  Ауданның экономикалық-әлеуметтік әлеуетін көтеруде теміржол кәсіпорынының ауқымды жұмыс атқарып отырғанын ескерсек, бұл лайықты марапат екені сөзсіз.    

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады