Ескі бұрмалар жаңа темірбетонды негізге көшіріліп жатыр

Аймақтар
01.11.2022, 09:38
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылар жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін кешенді жұмысты қолға алды. Жол шаруашылығында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Биылғы жоспар бойынша Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі аумағында 14 бағыттамалы бұрма жаңартылуға тиіс. Қазіргі уақытта оның тоғызында жұмыс аяқталып, ескі бұрмалар жаңа темірбетонды негізге көшірілді.

Жыл соңына дейін жоспар бойынша тағы бес станцияда бұрмалар ауыстырылмақ. Осыған дейін қолданылып келген ағаш білеулі бағыттамалы бұрмалардың пайдалану мерзімі өтіп, отыз жылдан бері ауыстырылмағандықтан қозғалысқа қауіп төндіре бастаған. Міне, биыл уақыт талабына сай төзімділігі мен тиімділігі жоғары темірбетонды нұсқаға ауыстыру жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр.  

Кешегі күні Ақтөбе станциясында бағыттамалы бұрманы ауыстыру жұмысына Ақтөбе жол дистанциясының төрт айналымынан 50 шақты жолшы жұмылдырылған. Алты сағаттық толаскез ішінде олар ЕДК 500 кранының көмегімен бағыттамалық аударманы толық ауыстырып бітулері тиіс.  

– Келісілген уақыт шеңберінде жоспарланған жұмыстың бәрі ретретімен, ең бастысы техникалық талаптарға сай жүргізіліп, Ақтөбе станциясы жолындағы бағыттамалы бұрманы жаңарту сәтімен жүзеге асырылды дей аламыз. Бұдан бұрын Қаратоғай, Жайсаң, Жіңішке және 39-разъезде бұрмаларды ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта тағы бес бұрманы осы тәсілмен өз күшімізбен ауыстырамыз, – деді Ақтөбе жол дистанциясы бастығының орынбасары Дархан Орынбаев.  

Айтуынша, қолданылып жатқан материалдардың дені – отандық өнімдер. Жаңа бағыттамалы бұрмалар қозғалыс қауіпсіздігі, жолдың қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, жылдамдыққа да оң әсерін тигізіп, ең бастысы жол табанының сенімділігін арттырмақ. Бұл өз кезегінде жолдың жоғарғы құрылысының қызмет ету мерзімін ұлғайтып және ағымдағы күтіп-ұстауға жұмсалатын пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады