Батыста логистикалық хаб салынады

Аймақтар
04.11.2022, 09:40
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстанның географиялық жағынан трансұлттық дәліздің дәл ортасында орналасуы үлкен мүмкіндіктер мен тиімді жобаларға жол ашады. Шетелдік инвесторлар Батыс өңірінен мультимодальды көлік-логистикалық хаб салып, жаңа сауда желісін дамытуға қызығушылық танытып отыр.

Астанада өткен «KGIR 2022» жаһандық инвестицияларға арналған дөңгелек үстелде Ақтөбе облысының әкімі мультимодальды көлік-логистикалық хаб салу жобасына қатысты меморандумға қол қойды. Жаңа мультимодальды көлік-логистикалық хаб көлік саласын дамытып, соның ішінде темір жол арқылы жүк тасымалын жандандырып, жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік берері сөзсіз.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев жаңа жоба туралы айтып берді. Облыстық штаб кеңесінің өкілі саналатын аймақтық темір жол бөлімшесінің басшысы мемлекеттің көлік әлеуетін арттыру үшін жасап жатқан жұмыстарға тоқталды.  

«Ақтөбеде Батыс Қазақстан аумағы бойынша тауар жеткізуді реттейтін көлік-логистикалық хаб салу жобасы қолға алынды. Хаб аймақтық көлік-логистикалық жүйенің негізгі элементіне айналады деп күтілуде. Ол барлық қатысушылардың келісілген өзара іс-қимылын, сондай-ақ көліктік, инвентарлық, сервистік, ақпараттық және қаржылық ағындарды біріктіруді қамтамасыз етеді, – деді Бөріхан Беркімбаев.  

Облыстың көліктік логистика тұрғысынан қолайлы орналасуы, экономикалық әлеуетінің қарқынды дамуы – жобаның өзектілігін арттыра түсетін факторлар.  

Ақтөбе облысы Қазақстандағы экономикалық және стратегиялық маңызы зор ірі өңір екені белгілі. Аймақ хром, титан, никель қорына бай. Жаңадан салынатын логистикалық хаб теміржол, автожол, әуе жолы қатынасы арқылы жүк тасымалын бір жерден ұйымдастыруға қол жеткізіп, нәтижесінде тиімділікті еселеп арттырады деген болжам жасалып отыр.  

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан темір жолы мультимодальды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылуы керек деген міндет қойып отыр. Еліміздегі экономикалық көрсеткіштердің бәрі көлік саласымен, оның ішінде теміржол тасымалымен байланысты. Осы тұрғыда жаңа жоба Қазақстанның жаһандық және аймақтық инвесторлар үшін мүмкіндігін таныта түсетіні талас тудырмайды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады