Ардагер теміржолшылар тәжірибелерімен бөлісті

Аймақтар
16.12.2022, 10:22
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолында тәрбиелік һәм тағылымдық маңызы зор кездесу өтті. Аға буын ардагерлер мен бүгінгі жас буын бас қосты.

Жиынға аймақ темір жолының түрлі саласында еңбек етіп жүрген жастар арнайы шақырылып, ғибратқа толы өмір жолы еңбекпен өрілген аға буынның әңгімесін тыңдап, емен-жарқын сұхбат құрды. Олар Маңғыстау вагон пайдалану депосын талай жыл басқарып, зейнетке шыққалы отырған Сәрсенбай Есенқұловқа, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ардагер машинисі Ақан Хасеновқа, станция бастығы болған Ақназар Қайнарбаевқа кәсіби қызметтеріне байланысты түрлі сауалдар жолдап, олардың қызығы мен шыжығы мол өткен өмір жолына қанығып, кеңес алды.  

Жас буын үшін қызықты әрі рухани азық болған жиын соңында сөз алған қосалқы бөлім бастығы Нәжімеден Ғұбашов меймандардың Маңғыстау темір жолының өркендеуіне қосқан үлесіне жеке-жеке тоқталып өтті. Жастармен дидарласып, осындай басқосуға мұрындық болғандары үшін алғыс айтты. «Бұл нағыз шеберлік сабағы болды деп ойлаймын» деді. Қонақ кәдесіз болмас демекші, ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады