Әділеттің «алғашқы қысы»

Аймақтар
27.12.2022, 10:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерде биыл 105 теміржолшы алғашқы қысын қарсы алып отыр. Теміржол саласына жұмысқа кіргеніне әлі жыл толмаған жандар қатал маусымда қалай жұмыс істеп жатыр?

Бөлімшедегі еңбек қорғау және қауіпсіздік бөлімінің бастығы Салтанат Нұрсұлтанованың айтуынша, биыл алғашқы қысын қарсы алып отырғандардан 50 теміржолшы станция-разъездерде, вагон жөндеу депосында – 21, Атырау және Мақат локомотив пайдалану деполарының әрқайсысында 21-22 адамнан бар.  

– Оларға орта және аға буын қызметкерлер жұмыс бағытын, еңбек қауіпсіздігін көрсетіп, ақыл-кеңес беретін үйретуші мамандар бекітіліп берілді. Жас мамандар техникалық сабақтан үнемі өтіп тұрады, қысқы-жазғы арнайы киім мен қорғаныш құралдарымен жүз пайыз қамтылған. Әркім қысқы жағдайда еңбек орнында өзін қалай ұстауы қажеттігін, еңбек процесін қалай жүзеге асыруды біледі, – дейді ол.  

Солардың бірі – Атырау станциясында белгі беруші болып еңбек жолын бастаған Қуақбаев Әділетті жұмыс орнында жолықтырдық. Қаз АТК-ны тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты пайдалану мамандығы бойынша бітірген жас маман еңбек жолын ең соңғы баспалдақтан бастаған.

– Станцияға келген вагондарға башмак саламын, вагон нөмірлерін жазып, құжаттарын өткіземіз. Бізге міндетті болмағанымен радиобайланыс бар. Негізі станциядағы дыбыскүшейткіш арқылы тапсырма аламыз. Жұмысқа төселіп қалдым. Бір күн, бір түн ауысымда болып, екі күн демаламын. Техникалық сабақ аптасына екі-үш рет өтіп тұрады. Киім-кешекпен, керек-жарақпен жүз пайыз қамтылдық. Суықта тоңатын жағдайымыз жоқ. Жылынып алатын жер де бар. Өзім қалаған мамандық болғасын маған бәрі қызық, бәріне төземін, үйренемін, – дейді алғашқы қысын өткізіп жатқан Әділет.  

Вагон қараушы Қонысбай Есеналиев те биыл алғашқы қысын қарсы алып отыр екен. «Жұмысқа кіргеніме көп болмағанмен, төселіп қалдым. Үйретуші ұстаздарыма, аға буын ағаларға рахмет» дейді ол.  

Ал машинист Қадыров Амангелді Атырау локомотив пайдалану депосында еңбек етеді. Бұған дейін көмекші болған ол жуырда тепловоз тізгінін өз қолына алыпты. «Биылғы қыс мен үшін ерекше болғалы тұр. Өйткені машинист ретінде бірінші қысымды қарсы алып тұрмын. Көмекші болған кезде көп уайымдамайтын едім, ал енді өзің тепловозбен, қарлы дала, қилы жолмен бетпе-бет қалғандағы жауапкершілік жүгі ауыр болады екен. Сондықтан сенім үдесінен шығуға тырысамын» дейді ол. Біз кездестірген «первозимниктердің» қай-қайсысы да өз жауапкершілігін сезініп, бірі тепловозды шұқылап, енді бірі башмактарды әзірлеп, үшіншісі вагондар автотежегішінің дұрыстығын тексеруде. Әрине, түптеп келгенде бәрінің де көздегені – қозғалыс қауіпсіздігі. Сондықтан олардың еңбегі жемісті болсын деп тілейміз.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті