Шу белгі беру дистанциясы жақсы көрсеткішке қол жеткізді

Аймақтар
31.01.2023, 09:28
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Шу белгі беру және байланыс дистанциясында өткен жиында былтырғы жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды.

Дистанция бастығы Қайрат Сазаев жыл он екі ай қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде тынбай еңбек еткен әріптестеріне алғыс айтты.  

Бүгінде 326,1 км Шу – Шығанақ телімінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған дистанциялықтар 17 станция мен 1 блок-бекеттегі 355 459 техниканың ақаусыз жұмыс істеуіне жауапты. Осы аралықтағы 431 бұрма мен 835 бағдаршамды күні-түні қадағалап отырған дистанциялықтар өткен жылы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар еңбек қорғауда да жақсы көрсеткішке жеткен.  

Дистанция қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 311 976 теңгені құрады. Ал пойыздар қозғалысына қатысы жоқ 4 санатты жұмысшылардың төменгі жалақысы 138 586 теңге көлемінде болды.  

– Есепті мерзімде белгі беру-байланыс құрылғыларын кешенді сауықтыру және еңбекті қорғау, қауіпсіз жұмыс орнын ұйымдастыру мен санитарлық-сауықтыру шаралары 100 пайыз орындалды. Технологиялық процесте көп жұмыс атқарылды. Бірлік-1 станциясындағы дизельдік генератор түріктер шығаратын ДГА-48 құрылғысына ауыстырылды. Сонымен қатар Шу-Отар-Шығанақ теліміндегі 140 бағдаршам лампалары жарықдиодты модульге алмастырылды. Жиделі – Бірлік-1, Шоқпар, Бел станциялары аралығындағы үш күзетілетін өткел күзетілмейтін жүйеге көшірілді, – деді дистанция бастығы Қайрат Сазаев.  

Жиын соңында өткен жылы үздік жұмыс үлгісін көрсеткен цехтар марапатталды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады