Ақжайық станциясында жүк тасымалы артып келеді

Аймақтар
07.02.2023, 09:39
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылды Ақжайық станциясы табысты аяқтады. Былтыр барлығы 1162 пойыз, 27582 вагон қабылданыпты. Жалпы, қалаға келетін жүктің 60 пайызы осы станцияға тиесілі.

Станцияның 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар. Маневр жұмыстары станция ішінде жасалып, ол екі маневрлік тепловозбен атқарылуда. Станциядан күніне 2-3 пойыз, 100-150 вагон қабылдап-жөнелтіледі, жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз емес, әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артып кеткен кезде қиын. Станцияның жаңа басшысы Бағытжан Абрахмановтың айтуынша, өткен жылы жоспар межеден көріне алды. Мәселен, вагон айналымы 109,5%-ке орындалды.

Орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 3 вагон болса, ол толық орындалған. Тоннамен есептегенде станция арқылы тәулігіне 176 тонна жүк тиеліп, жоспар 96,2 пайызды құраған.  

Өңірдегі мұнай компанияларының тоқтаусыз жұмыс жасауы тасымал көлеміне оң әсер етіп тұр. Ал жүк түсіру тәулігіне 60 вагон болса, ол 90 пайызға орындалған. Атырау аймағында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолдары құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі де жүк көлемі мен салмағының артуына ықпал етіп отыр. Жергілікті вагонның бір жүк операциясына тұруы да 98,5 пайызды құрап, жоғары көрсеткішті бағындырды.  

Ақжайық мұнаймен ғана жұмыс жасамайды, цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады, еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі.  

– Станция қалыпты жұмыс жасауда. Барлық инженерлік құрам мамандары, мысалы, аға тауар кассирі, аға жүк қабылдап-жөнелтуші, еңбек қорғау инженері, т.б. тұрақты жұмыс орындарына оралды. Станция бойынша кезекшілер, вагон қараушы, басқа да мамандар ауысыммен жұмыс істейді. Жүк тасымалының көлемі артып келеді, – дейді станция бастығы.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады