Жамбыл облысында жол бойындағы келеңсіз оқиғалар төмендеген

Аймақтар
11.02.2023, 13:15
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Сұлтан Бурамбаевтың төрағалығымен техникалық кеңес өтіп, онда өткен жылдың қорытындысы шығарылды.  

Өткен жылы бөлімшеге қарасты мекемелерде қозғалыс қауіпсіздігіне кереғар 6 оқиға орын алған. Оның 4-еуі адам факторы болса, 2-еуі – сыртқы себептер. Дегенмен, алдыңғы жылға қарағанда мұндай келеңсіз жағдаяттар 5 оқиғаға болса да төмендеген.  

Бөлімшеге қарасты телімдегі жолдың орташа жағдайы 56 балға бағаланып, 108 пайызды көрсеткен. Қанағатсыз жол 276 шақырымнан 2021 жылы 206 шақырымға қысқарса, өткен жылы тағы 70 шақырымға қысқарды. Өткен жылы  Машиналандырылған жол дистанциясының қатысуымен шаруашылық есеппен 15,4 км жол жөнделген. Тағы 21,4 км жол СМД-80 техникасымен жөнделген.

Темір жолдың бойына мал шығып, қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіруі, өкінішке орай, азаймай отыр. ҚР Әкімшілік Кодексінің 439-бабы 1-5 тармақтары бойынша тұрғындарды аралап, түсіндіру, сақтандыру шаралары ұдайы жүргізіліп, өткен жылы 7321 азамат таныстырылған. 299 жиын өтіп, барлық станцияларда мектеп оқушыларына арнайы түсіндіру шаралары ұйымдастырылған. Теміржолшылар Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен 39 рет рейдке шығып,  жергілікті әкімдіктерге 153 хат жолданса, оның тек 14-іне ғана жауап алыныпты. Жұмыс орнын жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша өткен жылы 109 іс-шара өтіп, оған 129 миллион теңге қаржы жұмсалған.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарайтын өңірде 7 вокзал бар. Оның ішінде Тараз және Шу вокзалдары – бірінші санатты, Түрксіб, Сарышаған Қаратау, Жаңатас, Шығанақ вокзалдары – екінші-үшінші санатты. Вокзалдарда жолаушыларға көрсетіліп отырған қызмет 98 пайызға бағаланып отыр.

– Бүгінгі күні бөлімшеге қарасты дистанцияларда су ресурстарын қорғау заңдылығына сүйене отырып, техникалық суды тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ дистанцияларда электрмен жылыту шаралары бойынша комиссиялық жұмыстар атқарылып отыр, – деді бас инженер Нұрлан Баялиев.

Кеңесті қорытындылаған Сұлтан Бурамбаев бірқатар дистанция басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, күзетілмейтін өткелерде, сол маңда тұратын ауыл тұрғындарына және жергілікті әкімдіктерге темір жолдағы қауіпсіздікті сақтауға байланысты түсіндіру шараларын пысықтауды тапсырды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады