Деподағы бар күш мамандардың біліктілігіне түсіп отыр

Аймақтар
03.03.2023, 10:07
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау вагон пайдалану депосының қызмет көрсету аясы Астрахань облысына таяу Ақсарай станциясынан бастап Бейнеу мен Қандыағаш аралығын қамтиды. Осы аралықта вагондардың қозғалыс қауіпсіздігіне жауап беретін байырғы депода бес жүзге жуық адам еңбек етеді.

Атырауда жүзге жуық, Мақат пен Ақжайық станцияларында 150-ден, Ганюшкинода – 70, Махамбет, Құлсары мен Мақатта 50 шақты теміржолшы тер төгуде. Бәрі де жергілікті, бірнеше буын теміржолшылар династиясын жалғастырып келе жатқан кәсіби мамандар. Бүгінде депоның 5 техникалық күтім және қызмет көрсету пункті, 2 бақылау пункті, 15 қауіпсіздік посты бар. Бұларда аға буын өкілдерінің зор тәжірибесі кейінгілерге үлгі ретінде таратылады.  

Жуырда депода өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында «Купе және плацкарт жолаушы вагондарының доңғалақ жұптарын ауыстыруды практикалық түрде үйрету» тақырыбы бойынша екі күндік техникалық сабақ өтті. Оған Ганюшкино, Атырау, Ақжайық, Махамбет, Мақат, Сағыз, Құлсары өндірістік-техникалық қызмет көрсету пункттерінің басшылары, нұсқаушы, техникалық оқыту шеберлері, слесарь-жөндеушілер мен аға вагон қараушылар қатысты.

Жалпы, талап бойынша вагон әуелі позицияға қойылады да, сосын бұрандалары ағытылып, ажыратылады. Осы процестің реттілігі мен қауіпсіздік ережелерін депо бастығының орынбасары Бақтыбек Мейрамов түсіндірді. Содан соң вагон арнайы электродомкратпен, арбашық арнайы кран-балкамен көтеріледі де ақаулы доңғалақ жұбына жиналған ішкі-сыртқы серіппелер ағытылып, түсіріледі. Жаңа қосалқы бөлшектермен доңғалақ жұбына жиналып, тележкаға салынады. Содан кейін тележка вагон астына қайта кіргізіліп, орнатылады. Бұл жұмысты депоның бас инженері Рашид Мұсабаев мамандармен бірге іс жүзінде көрсетті. Бұл жұмыста қиындық келтірген мәселе – шпинтоннды бұранда қақтан қатып қалған. Оны дәнекерлеу аппаратының күшімен қыздырып ағытты. Мұны Оразай Әбдіғалиев жасады. Талғат Қажиев, Кәміл Абдолов секілді слесарлар да көп жұмыс атқарды. Жалпы, мұндай жұмыстарға норматив бойынша 52 минут беріледі екен. Практикалық көрсетілім барысында мамандар осы уақыт ішінде үлгерді.  

Жалпы, станцияларға тәулігіне жүздеген вагондар келіп-кетеді. Вагон қараушылар оларды тексеріп, ақау тапса, оны техникалық күтім не қызмет көрсету пунктіне жібереді. Ал слесарь, дәнекерлеуші, краншы, құрушылардан құралған бригада кешенді жөндеу жұмыстарына кіріседі. Бірақ мамандардың айтуынша, кран, домкрат сынды техникалық аппарат, құралдар әбден тозығы жеткен, өткен ғасырдағы ескі техника. Жыл сайын оларды жаңартуға тапсырыс берілгенімен, ауыстырылмай отыр. Сондықтан бар күш мамандардың біліктілігіне түсіп, кәсібилігіне сын болмақ.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады