Үздік машинист Қалдыбек Құлжанов жайлы бір үзік сыр

Аймақтар
03.03.2023, 10:58

Оның бала кезінде ауыл үстінен әрі-бері тоқтаусыз өтіп жататын пойыздарға деген қызығушылығы есейе келе құштарлыққа ұласып, осы саладан бақытын тапқан аға-апалардың ұлағаты бойына шым-шымдап дарыған.

Атыраудың Қызылқоға ауданы Мұқыр кентінде мектеп бітірген соң Қалдыбек Құлжанов көп ойланбастан Алматыға тартып кетті. Сондағы теміржол техникумында 1979-81 жылдары тиянақты білім алып, мамандық иесі атанды. Арнаулы оқу орнын тәмамдаған бойда жүрегі қалаған жұмысқа кірісіп кетуге әскерге шақырылуы кедергі болды. Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанып, 1983 жылы елге оралған соң ғана еңбек жолын Мақат локомотив депосында тепловоз жөндеушісі болып бастады.  

Жұмыстан қол үзбей жүріп, Атыраудағы (бұрынғы Гурьев) техникалық мектепте оқып, машинист куәлігін алды. Еңбекқор, салмақты мінезі, ұғымтал қасиетімен ұжымның құрметіне бөленіп, басшылардың назарына іліккен. 1986 жылдан жүк пойызында еңбек етсе, 1997 жылдан жолаушылар пойызының І дәрежелі машинисі болды.  

Қалдыбектің теміржолдағы ілкі қадамына куә болған алғашқы ұстазы, қарт машинист Аман Ақмұрзин кейіпкеріміз сонау слесарь болып еңбек жолын бастаған кезін есіне алды.

– Депоға тепловоз жөндеушісі болып келген Қалдыбектің бойынан алғашқы күннен-ақ байыпты мінез бен сергек көңілді байқадым. Әр тетіктің жай-жапсарын сұрап, сақа қызметкерлердің жанынан шықпайтын. Тапсырылған шаруаның ұңғыл-шұңғылына үңіліп, техникалық талап деңгейінде болуына зейін қоятын. Қалдыбек жөндеген тетіктер сапалы блатын. Сол тындырымдылығы мен пысықтығының арқасында кәсібін тез меңгеріп, үздік атанды, – дейді зейнеткер машинист.  

Асқаралы алпыс жастың асуына қадам басқан Қалдыбек Өмірзақұлы бүгінде өңірдегі ірі тасымалдаушы компания «Болат жол» серіктестігінде машинист. Әскерден келген соң-ақ Мұқырдың айдай аруы Звира Тойшықызымен бас қосып, бақытты отбасын құрды. Бүгінде үш ұлы мен үш келіні, шүпірлеген немерелер баршылық. «Алпыс – тал түс» деп бекер айтқан ба қазекем, әлі де қажыр-қайраты қайтпаған машинист Қалдыбек Өмірзақұлы жол үстіндегі сапары жалғаса беретініне сенімді.  

Әбдіхалық СИСЕНБЕРДИЕВ, Құлсары қаласы

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады